Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Ақжайық" шағынауданы

c 17:48, 15/10/2020 c 647

0:00 / 0:00

Келер жылы көктем айында «Ақжайық» шағынауданының құрылысы басталады. Жаңа қалашықта 200 көпқабатты үй және мектеп, балабақша, аурухана сияқты әлеуметтік нысандарды салу жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарына жеке инвесторларды тарту көзделіп отыр. Бюджеттен бөлінген 4 млрд теңгеге жаңа ауданның жер асты инженерлік желілері толықтай тартылған. 5 шағынауданнан құралатын қаланың су жаңа бөлігінде алдымен 80 мың Тұрғын үй құрылыс жинақ банк салымшылары үшін көп қабатты үйлер бой көтереді деп жоспарланып отыр. Тұрғын үйлер 3-ші және 4-ші шағынауданда салынатын болады. Айта кеткен жөн осы аудандағы құрылысында кеткен кемшіліктерге байланысты аяқталмай қалған түзету мекемесі медициналық нысанға айналатын болады. AQJAIYQ Әлеуметтік-Кәсіпкерлік Корпорациясының мамандары бүгіннің өзінде бұл ауданға қызығушылық танытқан жергілікті инвесторлардан бөлек еліміздің өзге облысынан да тың жобаларын ұсынғандар бар дейді.Ал алғашқы нысандардың іргетасы алдағы жылы көктемде құйылады деп жоспарланып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.