Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім сапары

c 18:02, 05/02/2020 c 785

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Тасқала ауданына жасаған іс-сапары барысында аудан орталығында күрделі жөндеуден өткен Қаныш Сәтбаев атындағы мектептің жұмысымен танысты. Білім ордасы "Ауыл-ел бесігі" бағдарламасы аясында жөнделген болатын. Бүгінде ажарланған ғимаратта 600- ден астам оқушы білім алып жатыр.

Бұл- Тасқала ауданы орталығында орналасқан Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп. Аталмыш білім ордасы 1999 жылы бой түзеген. Бүгінде 600 оқушыға білім беріп отырған оқу ордасы өткен жазда күрделі жөндеуден өткен. Бұл үшін 157 млн теңгедей қаражат бөлінді.

Тасқала ауданына жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы өткен жылы сәуірде ашылған "Самғау" коворкинг орталығының жұмысымен танысты. Жастардың басын қосатын орталықта түрлі мәдени- танымдық шаралар ұйымдастырылып келеді. Аудан көлемінде жас тасқалалықтарды жұмысқа орналастырып, олардың бос уақытын тиімді өткізу үшін бірталай жоба атқарылуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл "еріктілер жылы" болып бекітілген болатын. Еріктілер жылының ашылуы салтанаты еліміздің түпкір-түпкірінде ұйымдастырылып келеді. Осы үрдіс Тасқала ауданында өз жалғасын тапты. Жас тасқалалықтар еріктілердің 7 бағыты бойынша жұмыстануға уәде беріп, волонтер болып, елге қызмет етпек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.