Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әкім қабылдауы

c 18:01, 03/05/2019 c 889

0:00 / 0:00

Облыс әкімі Алтай Көлгінов Бәйтерек ауданына қарасты Краснов ауылының тұрғындарын кездесіп, азаматтарды қабылдады. Кездесуге келген ауыл тұрғындары елді-мекен үшін маңызды сауалдарын ортаға салып, бұқараның тілегін жеткізгенді. Ауыл ақсақалы Иван Митичкин мәдениет ошағының хал -ақуалы жайлы айтып берді.

Бәйтерек ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Краснов ауылының тұрғындарын қабылдады. Бірінші болып, әкіммен кездескен 85 жасар Иван ақсақал ауылдың тарихын тізбектеп берді. Кейін, қария ауылдағы атқарылған жұмыстарды жіпке тізіп, мәдениет ошағының хал-жағдайына тоқталды. Ауылда орналасқан алғашқы мәдениет үйінің тозығы жетіп, апатты деп танылғаннан кейін, мәдениет үйі өзге ғимаратқа қоныс аударған.

Сондай-ақ, әкім қабылдауында болған Нұргүл есімді ауыл тұрғыны көп балалы ана екендігін айтып, көп жылдан бері өзгенің босағасында жүргендігін айтып, аймақ басшысынан көмек сұрады. 4 баланың анасы мен отағасы жұмыс жасайды. Алайда, олардың табысы үй алуға жетпейтін көрінеді.

Облыс әкімі тозығы жеткен мәдениет үйін аралап көріп, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін барын салатындығын жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.