Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әділетсіз өтемақы

c 20:13, 25/09/2019 c 660

0:00 / 0:00

Жұмысынан айырылғандарға төленетін өтемақы  көлемі тым аз. Парламент Мәжілісінің депутаты Айқын Қоңыров  Үкіметке жолдаған сауалында жұмысынан айырылған кезде төленетін әлеуметтік төлемнің өте аз екенін айтып, жәрдемақыны көтеруді талап етті.  Депутат елімізде орташа жалақы мөлшері өскенімен, жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлем, керісінше  азайып бара жатқанын айтады. Бұл мәселе бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында айтылды.

Елдегі әлеуметтік төлемдер, жұмыссыздық мәселесін үкімет әлі де болса біржақты қыла алмай отыр. Ресми статистика мен шынайы өмірдегі деректер сәйкес болмай жатады. Соның бірі азаматтарға жұмысынан айырылғанда төленетін өметақы көлемі. Мәжілісмен Айқын Қоңыров Үкіметке жолдаған сауалында жұмысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлем керісінше  азайып бара жатқанын айтты.  Депутаттың  мәліметіне сүйенсек,  былтыр мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері 24 816 теңгені құраған. Ал республика бойынша орташа жалақы 176 мың теңгеге жетті. Осы жылдың алғашқы жартыжылдығында жалақы 177 мың теңгеге дейін өссе, жәрдемақы 22 736 теңгеге дейін төмендеген.

Айқын Қоңыров –ҚР Парламент мәжілісінің депутаты; «Жоғарыдағы сандарды алсақ сәйкессіздікті байқаймыз. Тамыздағы дерек бойынша елімізде орташа айлықтың мөлшері 188 мың теңгеге жетті. Ал сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем 22 мың 069 теңгеге дейін азайды. Яғни, жалақы артқан кезде, әлеуметтік төлем, керісінше, азаяды. Әлеуметтік қорға аударым жасаған кезде, жалақы әдейі төмендетіледі. Не болмаса, елімізде жалақы ресми статистикада көрсетілгеннен әлдеқайда аз»

Қоңыровтың айтуынша,  кей аймақтарда жағдай бұдан да қиын. Мәселен, Қостанай, Қызылорда, Ақмола, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында мұндай төлемнің орташа мөлшері 15 мың теңгеден аспайды. Жұмыстан айырылған кезде төленетін төлемнің мөлшері, тым құрығанда, ең төменгі күнкөріс деңгейінен асуы керек дейді депутат. Өз кезегінде ол Үкіметке жұмысынан айырылғандар үшін сақтандырудың толыққанды жүйесін құруды ұсынды.

Айқын Қоңыров –ҚР Парламент мәжілісінің депутаты; «Әлеуметтік төлем жаңа жұмыс іздеп жүрген адамдардың күнкөрісіне де жетпейді. Тіпті, ресми нормалар бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 668 теңгені құрайды. Яғни, жұмысынан айырылғандар алатын әлеуметтік төлемнен 1,4 есе артық. Сонда жұмыссыз қалғандарды сақтандыру жүйесі жұмыс істемей отыр ғой»

Ал әлеуметтік мәселелрдің бірі-зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі де қоғамда қызу талықланып жатқаны мәлім. Өздеріңізге белгілі, ұлттық кеңесте қоғам қайраткері Жәнібек Қожық әйелдердің зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынған еді. Үкімет басшысының орынбасары Әлихан Смайылов бүгін мәжіліс дәлізінде берген сұхбатында, бұл мәселе қазір қаралып жатқанын айтты. Сондай-ақ, Смайылов қазір зейнет жасын төмендету емес, ұлғайту жұмысы жүріп жатқанын еске салды.

Вице-премьер әлем елдерінде әйелдер зейнетке 65-67 жастан шығады. Себебі жер бетіндегі халықтың өмір сүру деңгейі жасарып келеді – деді.

Айта кетейік, елімізде әйелдердің зейнет жасы 2027 жылдың 1 қаңтарына қарай біртіндеп 58 жастан 63 жасқа дейін ұлғаяды. Ендігі жыл сайын зейнет жасына жарты жылдан қосылып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.