Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әблязовтің сыбайластары

c 17:54, 20/09/2019 c 604

0:00 / 0:00

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі шетел асып, қашып жүрген Мұхтар Әблязовтің жақтастарын елге өз еркімен оралуға үндеді. Ендігі жеті сыбайласына қатысты сот үкімі шықты. Оларға 1,5 мыңнан 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл төлейтін жаза кесілді.  Бұл жайында бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен баспасөз маслихатында мәлім болды.

Осы жылдың тамызында Алматы қаласында өткен сот отырысында Әблязовтің жеті сыбайласына қатысты үкім шыққан болатын. Оның ішінде Ресей, Украина және Қазақстан азаматтары бар.  Оларға сот үкімімен 1500 АЕК-тан 3 мың АЕК-қа дейін яғни 7 млн 500 теңгеге айыппұл салынды. Сот бұл орайда олардың өз кінәсін толық мойындағанын және  Әблязовтің бұйрығымен жасаған қылмыстан  материалдық пайда көрмегенін де ескерді, деп отыр агенттік өкілдері. Бұлар  өз еркімен елге оралғандар.

Сергей Перов – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы ІС-қимыл агенттігінің департамент басшысы: "Біз істің объективті қаралатынына кепілдік береміз. Қазір біз Әблязовтің әрбір сыбайласының қылмыстық схемада қандай рөл атқарғанын жақсы білеміз. Оның ол адамдарды қалай пайдаланып, лақтырып кеткені де бізге аян. Сондықтан өз еркімен елге оралғандар, тергеуге көмектесіп, айыптыларды анықтауға жәрдем еткендер бас бостандығынан айырылмайды. Оларға тек айыппұл салынады немесе шартты түрде сотталады.

Агенттік өкілінің мәлімдеуінше,  Мұхтар Әблязовтің қашып жүрген сыбайластары шетелде күнін көре алмай қиналған. Тіпті көше сыпырып кеткен көрінеді. Бұл орайда жемқорлықпен күрес агенттігі  Әблязовпен ауыз жаласқандарды өр еркімен оралуға үндейді. Егер өз еркімен келсе, оларға қатысты жаза да жеңілдейді дейді.

Сергей Перов – ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы ІС-қимыл агенттігінің департамент басшысы: "Біз сыбайластарын өр еркімен оралуға үндейміз. Егер өз еркімен оралмаса, құзырлы орагандар халықаралық құқықытық қатынаста шара қолданамыз. Экстрадициялаймыз. Олардың бәрі бірауыздан далада қалғанын айтады. Біреуі көше сыпырушы болған, енді бірі ұсаққылмыс жасап күнін көрген. Отбасы мен жақындарынан алыста, үнемі қорқып, ізін жасырып жүруге мәжбүр болған"

 Бүгінде Мұхтар Әблязовке қатысы бар деген тағы  18 адам іздеуде жүр. Шамамен осыншасы елге оралған.Құзырлы орган шетелде бас сауғалап жүрген бұл азаматтардың қай елдерде жүргенінде білеміз деп отыр.  Алайда тергеуге қатысты ақпаратты жария етпеді. Айтпақшы, еліміздің  бас прокуратурасы қашып жүрген экс-банкир Мұхтар Әблязовтің сөзіне қатысты әлеуметтік желілерде тарап жатқан заңсыз митингіге шақыруларға  байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады. Прокуртура азаматтарды заң нормаларын қатаң сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және Қазақстанда тыйым салынған ұйымдардың заңсыз әрекеттері мен қызметіне қатыспауға шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.