Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

80 МЫҢ БАС КИІК АТЫЛАДЫ

c 20:02, 01/07 c 1116

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында 80 мың бас киік атылады. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ғалымдардың киік санын реттеуге қатысты биологиялық негіздемесі аяқталғанын хабарлады. Соның нәтижесінде Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданды дейді министр.

Халық арасында қасиетті жануар деп бағаланатын – ақ бөкендерді атуға шешім қабылданды. Дала еркесі – киіктің саны тым көбейіп кеткен, сондықтан ресми билік олардың санын атып реттеуге кірісетін болды. Экология министрі Серікқали Брекешев бұған дейін киіктердің санын реттеу үшін биологиялық негіздеме жасалып жатқанын айтқан болатын. Енді ғалымдардың сол негіздемесі дайын екен. Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киіктің көзін жоймақ.

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киік санын реттеудің қажеттілігі бар деп шешті. Жайық популяциясына қатысты қабылданған шешім бойынша, өңірдегі 800 мың бастан асатын киіктің 10 пайызын, яғни 80 мыңын реттейтін болдық»

Министр айтқандай Батыс Қазақстан облысындағы киіктердің санын реттеу дегеніміз, тым көбейіп кеткендіктен оларды атуға рұқсат беріліп отыр. Сондай-ақ, Брекешев киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейді. Оның ішінде кейбір популяциялардың санын көбейту де көзделген. Реттеу деген киік санын ұстап тұру деп ақталды. Ал бір ғана Батыс Қазақстан облысына киік қаптап кетті деп , оларды атуға не себеп болып отыр?

СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ «Киік санын реттеу қажетті шара. Ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылықтар болмау үшін осылай істеу керек болып отыр. Қазір Батыс Қазақстан облысында киіктер жайылымдарға ғана емес, егін алқаптарына да кіріп жатыр. Сондықтан проблема да бар»

Бүгінгі таңда елімізде киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға жеткен. Яғни әлемдегі киіктің 95%-і Қазақстанда болса, оның 65%-і Батыс Қазақстанды жайлаған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.