Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

6 АЙ БОЙЫ ЖАРЫҚСЫЗ

c 17:44, 07/06/2022 c 710

0:00 / 0:00

Дариян ауылындағы көпқабатты үй тұрғындары жарты жылдан бері жарықсыз отыр. Пәтер иелеріне кілт табыс ету салтанатты шарасынан біраз күн өткеннен кейін подъездердегі жарықтарды сөндіріп тастаған. Ал оны кері қосу тұрғындардың өздеріне жүктеліп отыр.

ҚР тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Дариян ауылы, Балдырған 47 тұрғын үйінің кілтін көп балалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға салтанатты түрде табыс еткен болатын. Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмады. Көп ұзамай коммуналдық қызметкерлер желтөле мен подъездердегі, кіреберіс есіктегі жарық көздерін сөндіріп тастаған. Сондай-ақ тоқ көзінен қуат алатын электржылытқыштар да жұмысын тоқтатқан. Енді оны кері қосу үшін электр жүргізуші компания тұрғындардан 100 метр кабель сымы мен жұмыс ақысын төлеулерін сұрап отыр. Ал оған шамамен жарты млн көлемінде қаражат керек.  Бұл үйде тұратын адамдардың барлығы халықтың әлеуметтік осал топтарына жатады. Олар мәселені шешіп берулерін өтініп жергілікті атқарушы органдардың көмек сұраған, алайда ешқандай қолдау таппапты. Ал үйді салған мердігер болса барлығы жобаға сай жасалғанын айтады. Мінекей жарты жылға жуық уақыт бойы тұрғындар шындықтың бетін аша алмай келеді. Сол себепті де олар адвокатқа жүгініп, мән-жайды анықтауды сұрап, прокуратураға арыз жазған. Жыл сайын Қазақстан бойынша мыңдаған отбасы көптен күткен пәтерлеріне ие болады. Дегенмен, олардың көпшілігінің қуанышы ұзаққа бармай, тұрғын үй құрылысынан шикіліктер шығатындығы көңіл көншітпейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.