Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5 жылға шартты түрде жазаланды

c 16:57, 21/01/2020 c 353

Мемлекетке 17 млн-ға жуық теңге залал келтірген Оралдық кәсіпкер 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Орал қалалық сотының үкімімен Сейтмағанбетов мемлекеттік сатып алу саласында алдау жолымен ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыпты деп танылған. 2018 жылдың сәуірінде Орал қалалық білім беру бөлімі электронды мемлекеттік сатып алу веб-порталында шаһар мектептері үшін интерактивті жабдықтар жиынтықтарын алуға конкурс жариялаған. «ZhanGroup» ЖШС директоры әрі құрылтайшысы Сейтмағанбетов аталған конкурсқа өтінім түсірген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен. Яғни ЖШС-ның атынан жазылған хатта «ZhanGroup» ЖШС-ның ел аумағында лицензиялық бағдарламалық өнімдерді өткізетіні айтылған. Шын мәнінде «ZhanGroup» ЖШС онымен айналыспаған. Оған қоса «М» ЖШС-ы техниканы кепілді қызмет көрсетуші фирма ретінде көрсеткен. Алайда бұл серіктестіктің интерактивтік жабдық бойынша қызмет көрсету орталығы болмаған. Осындай құжаттар негізінде конкурсқа қатысқан «ZhanGroup» ЖШС жеңімпаз деп танылған. Келісімшарт жасалғаннан кейін Сейтмағанбетов 2018 жылдың тамызы мен қыркүйегінде Орал қаласы мектептеріне мемлекеттік сатып алу құжатында көрсетілген техникалық сипаттамаға сәйкес келмейтін интерактивті жабдықтарды жеткізген. Осындай заңсыз іс-әрекеттері салдарынан мемлекетке 16 млн 949,610 мың теңге залал келтірген. Залал толықтай өндірілген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.