Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

13 жыл жарымға сотталды

c 17:22, 03/04/2019 c 523

0:00 / 0:00

БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында 25 жасар қала тұрғынын айуандықпен өлтірген Александр Бесштановқа үкім шықты.  Ол енді өмірінің 13 жыл жарым уақытын қылмыстық атқару жүйесінің төтенше жағдайлар мекемесінде өтейтін болады25 жасар Айдана есімді қала тұрғынын Александр Бесштанов 2 рет ұрып құлатып, буындырып өлтірген. Оқиға өткен жылдың күзінде болған. «Депо» ауданы маңындағы көңіл көтеру орнында танысқан олар, бір-бірімен телефон нөмірлерін алмастырады. Осылайша, Александр марқұмды Джангалинская көшесінде тұратын үйіне шақырып, көңіл көтереді. Екеуі де ішімдікке тойып соңы жанжалға ұласады. 40 жастағы Александр Айдананы өлтірген соң заттай айғақтардың көзін жою мақсатында қыздың ұялы телефоны мен киімдерін өртеп, әжетханаға тастайды. Артынша марқұмның аяқ-қолы мен аузын матап байлап оны да әжетханаға  салып жібереді. Бесштановтың  үстінен сот ҚР ҚК 99 бабы адам өлтіру фактісі  бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыскердің жасы 40-та, әйелі мен екі баласы бар. Жәбірленуші тарап,  шыққан үкіммен келісетіндерін жеткізді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.  Естеріңізде болса, Айданаға өткен жылдың қазанында іздеу салынған болатын. Ал оқиға желтоқсан айында анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.