Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№12 мектептің түлектері шардың ақшасын қайырымдылыққа жұмсады

c 17:57, 11/05/2022 c 1190

0:00 / 0:00

Орал қаласында орналасқан №12 мектептің түлектері соңғы қоңырауда әуеге шар ұшырудың орнына қайырымдылық жасау туралы шешім қабылдады. Олар шарға жұмсалуы тиіс қаражатты сырқатқа шалдыққан адамның еміне аударды. Биыл №12-ші мектептен 41 түлек түлеп ұшпақ.

Бұл-қалаға қарасты Деркөл кентінде орналасқан №12-ші мектеп. Бүгінде осы білім беру мекемесінде 1173 оқушы тәлім алады. Биыл осы мектепті 41 оқушы тәмамдамақ. Аталмыш оқу ордасында тұңғыш рет мектеп түлектері салтанатты соңғы қоңырауда әуеге шар ұшыру рәсімінің орнына қайырымдылықты таңдады. Олар шардан келетін пайда жоқ. Ақшаны желге ұшырғанша, пайдалы іс жасауға шешім қабылдадық,-дейді.

Педагогтер оқушылардың игі бастамасын қолдапты. Олар жақында экологиялық жарысқа қатысып, жүлделі орын алғандарын айтады. Ұстаздар қауымы бұл жаңа бастама қоршаған ортаны ластамай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға көмектеседі деп сенім артып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығында 50 мектеп бар. Олардың қабырғасында 55250 оқушы білім алады. Биыл 2104 оқушы мектеп түлегі атанбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.