Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

11 жылға сотталды

c 16:30, 17/10/2019 c 809

0:00 / 0:00

Ішімдік ішіп досын өлтірді деген күдікке іліккен Орал қаласының тұрғыны 11 жылға сотталды. Оқиға осы жылдың шілде айында болған. Үкім кеше БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында оқылды. Оқиға былайша өрбиді. Осы жылдың шілде айының 3-нен 4-не қараған түні Мұқашев пен Көбенкұлов қаладағы дәмханалардың бірінде сыра ішеді. Кейін олардың бұл отырысы өздері тұратын үй маңында жалғасады. Көңіл көтеру барысында екеудің естеріне бұған дейін болған оқиға түсіп, жанжал туындайды. Яғни Көбенқұлов пен  Мұқашев шетелден көлік айдап келе жатады. Жолда  Мұқашев Көбенқұловқа жылдамдықты асырма деп ескерту жасайды мыс. Оған ыза болған Көбенқұлов тізгінді Молдашевқа беріп өзі темір тұлпардың артқы орнына барып ұйықтайды. Аталмыш жәйт өзара төбелеске ұласады. Ішімдікке әбден масайған Мұқашев асүй пышағын алып шығып, Көбенқұловтың сол жақ кеудесіне салып қалады. Алған жарақатының салдарынан Көбенқұлов оқиға орнында жан тапсырады. Оның үстінен ҚР қылмыстық кодексінің 99 бабы 1-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалады.  Сот төрешісі Бақыт Ермаханов аталған бап бойынша күдікті енді өмірінің 11 жылын қамауда өткізетінін жариялады. –  Мұқашев тергеу амалдары барысында түрлі сылтау айтып өзін қорғамақ болды. Деседе оның бұл ісі аса қауіпті қылмыстар санатына жатады.  Енді ол жазасын  қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өткізетін болады, – деді Ермаханов. Сот үкімін оқу барысында айыпты судьяның қарсылығана қарамастан өзіне тағайындалған жазамен келіспейтінін мәлімдеп үлгерді. Марқұмның соңында ата-анасы, зайыбы мен  3 баласы қалды. Жәбірленушінің тума-туыстары соттың әділ үкім шығарғанын айтты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.