Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

11 жылға сотталды

c 17:21, 04/11/2019 c 522

0:00 / 0:00

Клей иіскеп, ішімдікке сылқия тойған екеу арасындағы дау-дамайдың соңы адам өлімімен аяқталды.  Бәйтерек ауданының тұрғыны Байтілеуов Нұрлан 4 шілде күні  Андрей Тарасенконыны  әйнек кесіндісімен бауыздап өлтіргені үшін 11 жылға бас бостандығынан айрылды.Дарияндық айыпталушы Нұрлан Байтілеуов пен марқұм Андрей Тарасенко аталған күні таңмен арақ ішеді.  Олардың басқосуына дейін де Байтілеуов 1,5 литр сыра жұтқан көрінеді. Екеуінің  көңіл көтеруі өзен жағасында ұласып одан әрі супермомент клейін қабылдауға жалғасады. Әбден естерінен айрылған олардың әңгімелері жараспай дауласып, Байтілеуов Тарасенконың мойынын жерде жатқан шөлмек кесіндісімен осып жібереді. Кейін оның жан тапсырғанына көз жеткізген соң, киімдерін шешіп, қамыс арасына жасырады да, оқиға орнынан бой тасалайды. Ал, Тарасенконың мәйітін ауыл оқушылары 6 шілдеде тауып алады. Ол енді 11 жылға темір торға қамалатын болды. Бұл туралы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот жария етті. – Бәйтілеуов адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, оған 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  Ол жазасын барынша қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейтін болады.  Айыпты өз кінәсін ішінәра мойындады. Оны токсикомандық тәуелділіктен мәжбүрлеп емдеу туралы да шешім қабылданды деді, – БҚО мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының судьясы Бақыт Ермаханов.  Сонымен қатар, судьяның айтуынша, сотталушы тергеу барысында өзімді қорғамақ болдым деп ақталуға тырысқан. Алайда сот медициналық сараптама Тарасенконың мойынынан ұзындығы 12,6 ал тереңдігі 4 см жарақаттың барын анықтаған. Демек, 23 жасар қылмыскердің бұл сөзі ешқандай шындыққа жанаспайды. 20 жасар Тарасенконың туғандары қанды қол қылмыскерге тағылған жаза лайықты дейді.Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Бір айта кетерлігі Байтілеуов есірткі және синтетикалық өнімдерді тұрақты тұтынғаны үшін, Ал Тарсенко маскүнемдік бойынша наркологиялық есепте тұрған көрінеді.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.