Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

100 үй ыстық сусыз қалады

c 12:01, 17/04/2018 c 729

0:00 / 0:00

Оралдағы жылыту маусымы аяқталды. Бұл туралы «Жайық жылу қуат» акционерлік қоғамдығы мәлімдеп отыр. 16 сәуірде тұрғын үйлерді жылумен қамту доғарылған. Қазір коммуналдықтар гидравликалық сынақтардың өтіп жатқанын айтады. Бұдан бөлек, жылу магистральдерін қайта құру жұмыстарының салдарынан шаһардағы 119 көппәтерлі үйлерден ыстық су айырылады.
Өткен жылдың қазанында басталған жылыту маусымы 16 сәуірде тәмамдалды. Тәуліктік температураның орта шамасы 10 градус жылылықты көрсеткен. Бүгінде «Жайық жылу қуат» акционерлік қоғамдығына алдын ала өтінім берген балабақшаларда, ауруханалар мен басқа да мекемелерде жылу әлі жүріп тұр. Ал коммуналдықтар тұрғындардың қарызын жинау жұмыстарымен айналысуда. Бұл қаржы көлемі 1 млрд теңгеден асқан.

Вячеслав Солодилов
«Жайық жылу қуат» АҚ коммерциялық директоры
аударымдар көп, қазір 838 млн теңгені құрап отыр. пром бойынша 89 млн . қарыздардың барлығын жинап алуға тырысып жатырмыз. Халықты қарыздардан құтылуға шақырамыз. Ай сайынғы ақшаны ай сайын төлеп тұрыңыздар! себебі сот арқылы ол қаржы бәрібір қайтарылады.

Айта кетерлігі, биылғы жылыту маусымы еш апатсыз, оқыс оқиғаларсыз өтті. Жылу электр орталығы мен қазандықтар штатты тәртіпте жасады. Бүгінде "Жайық жылу қуат" мекемесі гидравликалық сынақ жоспарын құрып қойыпты. Бұл жұмыстар 17 сәуірден 30 сәуірге дейін жалғаспақ.

Нұрболат Жұмалиев
«Жайық жылу қуат» АҚ техникалық директоры

2018 жылдың 17 сәуірінен бастап №7 жылу магистралі өшіріледі. Бұл магистраль шаһар орталығында орналасқан. 1 павильоннан бастап 25ке дейін жылыту камерасынан айырылады. 119 көпқабатты үй жылы судан ажыратылады. бұл жұмыстардың барлығы да жоспарлы түрде өтеді. мердігер анықталды.

Жылу электр орталығына қосымша газ құбырын салу да биылғы жылы аяқталады. Бұл мекеме сенімділігін арттыруға сеп болмақ.

Автор:
Оператор: Айболат Жагыпар

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.