Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тіл мәселесін араздыққа пайдаланғандар жауапқа тартылады

c 13:52, 12/11 c 1

0:00 / 0:00

Тіл мәселесін желеу етіп, қоғамда алауыздық туғызуға тырысқандар заң алдында жауап береді. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тілге қатысты арандатушылық әрекеттерге жол бермеу керегін ескертті. Мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік тілді дамыту елдегі өзге тілдердің дамуына кедергі келтірмеуі керек. Ол бұған дейін Халық кеңесінің алғашқы сессиясында қазақ тілінің ел бірлігін нығайтудағы маңызды рөлін атап өткенін еске салды. Президент қоғамды бөлшектеу және жанжал туғызу мақсатында тіл мәселесін әдейі ушықтыратын адамдардың әрекетін қауіпті деп бағалады. Мұндай азаматтар «Заң және тәртіп» қағидатына сәйкес жауапқа тартылуы тиіс екенін айтты. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қандай да бір тілге қарсы шығуға болмайтынын баса айтты. Оның сөзінше, бір тілді екіншісіне қарсы қою - үлкен қателік әрі оның соңы қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін. Мемлекет басшысы қазақ тілін ел бірлігі мен келісімінің тілі ретінде дамытуға шақырды. Сондай-ақ оны халықаралық қауымдастыққа тартымды ету маңызды екенін жеткізді. Президенттің пікірінше, өзара құрмет пен түсіністік қоғам тұтастығын сақтаудың негізгі шарты. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген халық даналығын ұстанып, ел ішіндегі ынтымақты нығайту қажет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.