Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОРАЛ БҚО ТҰТЫНУШЫЛАРЫ 35 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ҚАРАЖАТЫН ҚАЙТАРЫП АЛДЫ

c 15:36, 09/11 c 1

0:00 / 0:00

Батыс Қазақстан облысында тауарлар мен қызметтерді тұтынушыларға 35 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Бұл туралы облыстық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері хабарлады. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында департаментке азаматтардан 425 өтініш түскен. Шағымдардың басым бөлігі бөлшек сауда саласына қатысты. Бұл бағытта 285 өтініш тіркелген. Негізгі наразылықтар тауарды қайтарудан немесе оны ауыстырудан бас тартуға байланысты. Екінші орында электронды сауда саласы тұр. Мұнда 42 өтініш түскен. Тұтынушылар тауардың сипаттамаға сәйкес келмеуі, сатушы туралы ақпараттың болмауы және төленген ақшаны қайтарудағы қиындықтарға тап болған. Бұдан бөлек, тұрмыстық қызмет көрсету саласына қатысты 41 өтініш тіркелген. Олардың қатарында жиһаз жасау, тұрмыстық техниканы жөндеу, сұлулық салондары мен автосервистердің жұмысына қатысты шағымдар бар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы бойынша 24 өтініш келіп түскен. Олар тарифтердің көтерілуі, электр энергиясының өшірілуі және жылу үшін негізсіз төлем есептеуге қатысты. Тағы 75 өтініш қоғамдық тамақтану, туризм, байланыс, білім беру, денсаулық сақтау, қаржы және көлік қызметтеріне байланысты болған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде кәсіпкерлік субъектілерінің 73-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеден асты. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, азаматтардың өтініштерін қарау және олардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.