0:00 / 0:00
«Таза Қазақстан» акциясына еңбек ұжымдары да қосылуда. Орал қаласында «Орал құс фабрикасы» аумағында сенбілік өтіп, оның барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірістік аумақты абаттандыру және тазалау жұмыстарына белсене қатысты. Іс-шара нысанның санитарлық жағдайын жақсартуға және тәртіпті сақтауға бағытталған.










