Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫ

c 10:03, 15/09/2021 c 677

0:00 / 0:00

Еліміздің барлық өңірі бірдей жылу мерзіміне толық дайын  деп айту қиын. Бүгін өткен Үкімет отырысында  жылыту маусымына дайындықты талдауда анықталған проблемалар айтылды. Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев  электр желісі тозған, қазандықтары толық дайын емес, жылыту электр орталықтарында техникалық жағдайы нашар өңірлерді атады.  Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында электр станцияларының негізгі жабдықтарын жөндеу мерзімдері сақталмаған. Ал Батыс Қазақстан облысында электр желісінің 83 пайызының тозығы жеткен. Теміртау қаласында жылу беру орталығы қысқа толық дайын болмай отыр.

Айдана, шыныменде еліміздің барлық өңірі жылу бері маусымына сақадай сай деп айту қиын. Күрең күздің соңын алып, қылышын сүйреп қыс келеді. Алайда, кей өңірлерде қазандықты дайындау, жылыту электр орталықтарында жөндеу жүргізу, электр желілерін қамдау жұмыстары кенже қалып отыр.

Жылыту электр орталықтарында техникалық жағдайы нашар өңірлер қатарында-  Атырау, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары тұр. Ал БҚО бойынша 83% электр желісінің ескіріп, тозуына байланысты авариялық  қауІп байқалады энерегтика министрі. Бұл орайда облыс әкіміне шұғыл шаралар қабылдау жүктелді.

Жылу мерзіміне Теміртау қаласы биыл да толық дайын емес. Қаланың жылыту электр станциясы   «АрселлорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамына тиесілі екені мәлім. Түркістан облысында  жылу   беру орталықтарын жөндеу жұмыстарын  қаржыландыруда  проблема орын алған. 2 млрд теңге жуық қаражат  жоспарланған. Сондай-ақ алдағы жылыту маусымын өткізу үшін отын сатып алуға 1 млрд 273 млн теңге қажет. Алайда,  облыс  әкімдігі бұған 646 млн теңге бөлді. Яғни қажетті соманың тек 20%-ын ғана құрап отыр.Бұл аздай, биыл қымбатшылықтың зардабын шегіп отырған халық, көмірді де қымбатқа сатып алмақшы. Бұл көмір отынын тұтынатын өңірлердегі қара халықтың қалтасын қағатыны сөзсіз.

Өкінішке орай көмір бағасы нарықтық қатынастарда қалыптасатындықтан, баға мемлекет тарапынан реттелмейді. Министр болса  барлық өңірде көмір қоры жеткілікті, жылу беру маусымында дүрлігу мен тапшылық болмайды деп сендіреді. Республика бойынша жылу беру маусымына дайныдықтың көрінісі осындай. Сөз кезегін Оралдық әріптесім Ажарға беремін.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.