Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӨНДІРІС НЕГЕ ДАМЫМАЙ ЖАТЫР?

c 10:17, 30/04 c 20

0:00 / 0:00

Өнеркәсіп министрінің есебінше, өңдеу өнеркәсібі өндірісі ағаш өңдеу секторында 38% - ға; машина жасауда 25,4% - ға; жеңіл өнеркәсіпте 12,2% - ға және құрылыс индустриясында 6,1% өскен. Алайда, Қанат Шарлапаевтың есебіне депутаттардың көңілі толмады. Себебі, министрдің аузынан ауыл шаруашылық саласын қолдауға қатысты бір ауыз сөз шықпады. Президенттің тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылық техникасын жаңартуға 450 миллиард теңге төмендетілген пайызбен лизинг бөлу айтылды. Үкімет биылдың 1 мамырына дейін бұл қаржының 100 миллиард теңгесі бөлінеді деді. Бірақ көктем әлдеқайда келіп қойған, министрлер кабинеті «қылышын кеш сермеді».

Ал депутат Әбенов болса бес сұрағыма жауап алмадым деп ашуланды. Былтыр 170 жоба іске асырылып, зауыттар жұмысын бастауы керек еді. Алайда оның сегізі ғана акт бойынша іске қосылған дейді ол.

Ауылдықтар да Шарлапаев тері мен жүнді қайта өңдеу саласын қолға алмай отыр деп сынады.

Не керек, депутаттардың алдына келген өнеркәсіп және құрылыс министріне көп сын айтылды. Шарлапаев болса өзінің оқыған есебіне сенімді. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту қарқындап тұрғанын айтады.

Ал «Qarmet-тің» жағдайы не болып жатыр? Қарағандыдағы металлургиялық комбинатқа жаңа инверстор Лаврентьев 3 жылда 3,5 миллиард доллар құямын деген мәндетті алғанды. 2024 жылы 1,3 млрд доллар салуы керектін. Министрдің айтуынша, 30 мың адам жұмыс істейтін аталмыш кәсіпорынға жүздеген млн доллар қаражат құйылды. Қазіргі таңда домна пеші тек көмірмен жағылады, оны газбен жағу қолға алынбақ. Бұл экокологияға жақсы ықпал етеді. Кеншілердің айлығы көтеріледі деп сендірді Шарлапаев.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.