Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАТЫСТАН СОЛТҮСТІККЕ

c 10:48, 29/04 c 17

0:00 / 0:00

Көштің бетін оңтсүтіктен солтүстікке бұру бағдарламасы қаншалықты өз нәтижесін беріп жатыр? Ресми мәліметке сүйенсек, ағымдағы жылы елде қандастарды қабылдау үшін 2433 квота, солтүстік облыстарға қоныс аударатындар үшін 7050 квота бөлінген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы бөлініп отырған квота 2023 жылмен салыстырғанда 554 квотаға көп. Соның ішінде ата жұртына келіп жатқан қандастарды еілімздің солтсүтік өңіріне қоныстандыруға басымдық берілген. Шығыс өңірі де қарастырылған. Мемлекет қандастар мен солтүстік облыстарға қоныс аударғандардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 мың теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы береді. Қысқа уақытқа кәсіби оқуға оқытып, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесу де қарастырылған. Ал қоныс аударғандар мен қандастарға жұмыс ұсынған жұмыс берушілерге 400 АЕК (1,4 млн теңге) субсидия беріледі. 2017 жылдан бері жылы жақтан суық жаққа мыңдаған адам көшті. Алайда, оның оң нәтижесін көріп отырған жоқпыз дейді сенатор Қыдырәлі.

Осы орайда депутат қандастарды көшіру және олар үшін квоталарды ұлғайту мәселесін де қозғады. «Ата жолы» картасын қандастар мәртебесімен теңестіріп,заңды түрде бекітуді ұсынды. Бұл карта этникалық қазақтарға берілетін қандас мәртебесімен теңестірілуі керек. Қандастарға берілетін квотаны да көбейту қажет. Ал Маңғыстауға қандастардың көп келіп жатқанын ескерсек, батысқа қоныс аударушыларды солтүстікке қоныстандыру керек дейді сенат депутаты.

Тәуелсіздік алған жылдар бойы Қазақстанға шетелден 1 млн 128 мың қазақ оралған. Ал оңтсүтіктен-солтүстікке көшіру бағдарламасы баршаның көңілінен шығып жатыр деп айту қиын. Себебі, жылы жақтан суық жаққа қоныс аударушылар саны азая бастаған. Ондағы басты мәселе- баспанамен қамту, жергілікті инфрақұрылымның дамымағаны, қажетті жұмыстың жоқтығы, сондай-ақ ауа- райының қолайсыздығы да себеп болуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.