Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«СУ ТАСҚЫНЫ БОЙЫНША ІС ҚОЗҒАУ КЕРЕК»

c 12:50, 04/05 c 15

0:00 / 0:00

Биыл елімізде ірі көлемдегі су тасқыны орын алды. Әлі де судың бетін қайтару шаралары жүріп жатыр. Биылғы су тасқынында мемлекет те, азаматтарда аса ірі көлемде шығынға ұрынды, адамдарымыздан айырылдық дейді депутат Құспан. Су басқан аймақтарда блып қайтқан мәжілісмендер жергілікті әкімдіктер тарапынна азңсыз әрекеттер жасалғанын айтады. БҚО және Атырау облысының Құлсары қаласы бойынша Бас прокуратура деңгейінде тексеріс жүргізу керек дейді депутат. Су тасқынының алдын алмаған, салғырттық танытып, жол бергені үшін жауапты тұлғаларды яғни әкімдерді жауапқа тартуды талап етті. Әкімдіктер өзен бойындағы су жайылмаларынан жер берген, саяжайларды іс жүзінде тұрғын үйге айналдырған, яғни жарық, газ тартып, азаматтарды тұрақты тіркеуге рұқсат берген. Заңсыз бөгеттер салынған.

Абзал Құспанның айтуынша, жергілікті жерде шенеуніктер жерді иемденіп алып, қайта сатып пайда көріп отыр.

Мәжілісмен бас прокурордан тасқын судың алдын алмай, енді мемлекетті шығынға батырып отырған тұлғалар жауапқа тартуды талап етті.

Соңғы 2-3 жылда Батыс Қазақстан облысында жерге қатысты жемқорлық фактілерімен әкімдіктің де, тіпті облыс прокурорыныңда лауазымды қызметкеріне сот үкімдері шықты. Ең соңғы факт, төтенше жағдай деп бүкіл ел дүрлігіп жатқанда, Орал қаласының архитекторы пара алу үстінде ұсталды. Өкінішке оарй, мұндай фактілер тек жоғарыда аталған БҚО мен Атырау өңірлерінде ғана емес, барлық аймақта орын алуда дейді депутат.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.