Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

МИЛЛИАРДТЫ КІМ ЖЫМҚЫРДЫ?

c 13:57, 25/04 c 11

0:00 / 0:00

Су тасқынымен күреске бөлінген қаржатқа қол салып, 1 миллиард теңгені жымқырғандар анықталды деген қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасы тез тарады. Әлеуметтік желіде қазір елде орын алып жатқан тасқын сумен күрес барысына бөлінген ақшаға қол сұққандар кімдер? Ел басына күн туып, қиыналып жатқан сәтте ақша ұрлады- деп жерден алып, жерге салып жатыр. Журналистер бұл сұрақты қаржылық мониторинг агенттігінің басшылығына қойған едік. Агенттік төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, бұл гидротехникалық құрылыстарды салуға бөлінген бюджеттік қаражатқа қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Миллиарды жымқырғандар Ұлытау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында және Алматыда анықталып отыр. Қазір бұл істер тергеліп жатыр. Қылмыстық істердің басым бөлігі бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша қозғалған. Оның ішінде бөгеттерді күтіп ұстаудағы заңсыз әрекеттер оырн алған. Айта кету керек, қолды болған 1 миллиард қазір елде орын алып жатқан тасқын суға бөлінген қаражаттан емес, өткен жылдардың еншісіндегі жағдай. Бұл қаржы гидрологиялық нысандарды күтіп ұстауға бірнеше жыл бұрын қарастырылған екен.

Елемесовтің сөзінен түсінегіміз, күдікке ілінген тұлғаларды елдегі тасқын сумен күрес аяқталмай тұтқынға алмайды. Миллиарды қалтаға басқандардың қашып кетпесіне кім кепіл.

Не керек елді шулатқан миллиардты жымқырғандардың ісі бойынша қылмыстық істер тіркелген. Тергеу де басталып кеткен. Бірақ жоғарыда айтылғандай қазына қаржысын жеуге келгенде ардан аттайтын тұлғаларды ұстауға асықпай отырмыз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.