Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖЫЛ САЙЫН 300-ГЕ ЖУЫҚ ДӘРІГЕРГЕ ҚАТЫСТЫ ІС ҚОЗҒАЛАДЫ

c 10:23, 10/04/2023 c 99

0:00 / 0:00

Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты 300-ге жуық іс қозғалады. Бұл жайында Мәжілісте кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстырған Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Министр елімізде дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі. Бұл дәрігердің қателігінен зардап шеккен науқастарды қорғауға арналған жоба болмақ деді.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, дәрігерлердің кәсіптік жауапкершілігіне қатысты міндетті сақтандыру жүйесін енгізуге, пациенттерден келіп түсіп жатқан шағымдар негіз болып отыр. Заң жобасын әзірлеу үшін кейінгі 3-4 жылда жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен және қаралған өтініштерге талдау жүргізілген. 14 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл тұрғыда медицина қызметкерлеріне қатысты қозғалған қылмыстық істерге талдау жүргізілді. Жыл сайын дәрігерлерге қатысты 300-ге жуық іс қозғалады деп отыр министр Ғиният.

Дәрігердің кінәсінен пациент зардап шеккен жағдайда, науқастың денсаулығына келтірілген зиянды өз бетінше өтеуге медицина қызметкерлерінің жалақысы жетпейді. Ал зардап шеккен науқасқа одан әрі оңалтудан өтуге қыруар қаржы қажет екені сөзсіз. Денсаулық сақтау мәселелеріне арналған заң жобасы медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, науқастардың құқықтарын қорғауға және медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталып отыр дейді ол. Аталмыш жоба пациенттердің құғыны қорғайды деп санайды министр Ғиният. Мұнда дәрігердің кінәсінен зардап шеккен науқасқа өтемақы төлеу қарастырылып отыр.

Ал өткен жылы министр мәжілістің алдына дәрігердің жазасын жеңілдетуге арналған заң жобасымен келгенді. Онда абайсызда денсаулыққа орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл сомасы мен қамауға алу мерзімін қысқарту ұсынылды. Науқастың денсаулығына ауыр зиян келген немесе қайтыс болған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыруды сұрағанды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.