Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖУРНАЛИСТКЕ «PRESS КАРТА» ҚАЖЕТ ПЕ?

c 19:09, 02/03/2023 c 99

0:00 / 0:00

Қазақстандық журналистерге «press карта» қажет пе? Қазір талқыланып жатқан «Масс медиа туралы» заң жобасына журналистің мәртебесін айқындау үшін «баспасөз картасы» енгізілсе, қандай артықшылықтар болады? Осы мәселеге қатысты сенаторлардың пікірін білген едік.

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ұсынып отырған «Масс медиа» туралы заң жобасы журанлситік қауымдастықтың жіті назарында. Министрлік заң жобасына журналистің мәртебесін айқындау үшін «баспасөз картасы» енгізілсе, БАҚ өкілдеріне бірқатар жеңілдіктер жасалады деп отыр. Мұндай карта Еуроодақтың біраз мемлекеттерінде, мысалы Түркияда кеңінен қолданылып келеді. Яғни баспасөз картасын алған журналсит кез-келген мемлекеттік органдардың жиынына ешбір тіркеусіз қатыса алады. Рress картаны министрлік бермейді, ол жұмыспен қандай да бір журналистер қауымдастығы айналысатын болады. Құжатта журналисті әлеуметтік қолдау мәселесі де қарастырылған. Бұл әзірге талқылаудағы жоба. Журналист этиканы бұзған жағдайда аккредитациядан айрылады. Яғни одан Рress картаны тартып алу мәселесін журналистік ұйым шешеді. Сенатор Айгүл Қаппарова республикалық арналардың бірінде өткен бағдарламада бұл мәселені сотпен шешу керек деген ойын ортаға салды. Бұрынғы журналист, қазіргі депутат мұнымен не айтқысы келді? Журналистің сұрағы бір шенеунікке ұнамай қалған жағдайда, ол этиканы бұзған болып шықса. Сотпен дәлелдеуі керек пе? Бұл сұрақты депутаттың өзіне қойған едік.

Бұрынғы журналистер, қазіргі сенаторлар жалпы мұндай баспасөз картасы болғаны жөн деп отыр.

Әзірге БАҚ-ң жұмысын реттейтін заң жобасы Парламентке келіп түскен жоқ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.