Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ БАСШЫЛАРЫ ТАРИХИ КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ҚОЙДЫ

c 11:13, 20/04 c 65

0:00 / 0:00

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров екі жақты жүргізілген келіссөздің нәтижесінде тарихи келісімдерге қол қойғандарын мәлімдеді. Қазақстан Президенті Үкіметаралық кеңес пен Аймақаралық форумның жұмысын жандандыру, шекарада салынып жатқан Сауда-логистикалық индустриялық кешенді тез арада іске қосу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты. Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы жүк өткізу мүмкіндігін арттыру шаралар қабылданып жатқаны айтылды.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «Шекарада салынып жатқан сауда-логистика, индустриялық кешеннің құрылысын талқыладық. Оны көпке сөзбай тез арада іске қосымыз деп келістік. Бұл қадам өндірістік байланысты және сауда-саттықты жандандырмақ. Бұдан бөлек, агроөнеркәсіп секторындағы мүмкіндіктерді талқыладық. Былтыр екі мемлекеттің осы саладағы тауар айналымы 10 пайызға артып, 300 млн долларға жетті. Біздің елдеріміз үшін өнім көлемін ұлғайту, бірлескен кәсіпорындар ашу, ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату өте маңызды. Осы орайда екі елдің үкіметіне жол картасын қабылдау туралы тапсырма берілді»

Өз кезегінде Қырғыз Президенті бұл кездесу екі мемлекет арасындағы одақтастық және стратегиялық серіктестікті мүлдем жаңа деңгейге шығаруға ықпал ететініне сенім білдірді.

САДЫР ЖАПАРОВ – ҚЫРҒЫЗ ПРЕЗИДЕНТІ «Біз құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлымен бірге саяси-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық мәселелерді кеңінен талқыладық. Жоғары мемлекетаралық кеңестің кезекті жиынын өткізіп, өзара серіктестігімізді нығайтуға және күн тәртібіндегі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар уағдаластыққа қол жеткіздік. Бүгінгі келіссөздердің нәтижесінде екі елдің түпкі мүдделеріне сай келетін одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту жөніндегі келісімге қол қойдық. Экономика, сауда, инвестиция және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастығымызды одан әрі өркендету, көлік және коммуникация, цифрландыру бағыттарында бірлескен жобаларды іске асыру, аймақтағы су-энергетика ресурстарын бірлесе тиімді пайдалану мәселелерін қарастырдық

Бауырлас елдер сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға да басымдық беріп отыр. Былтыр екі елдің өзара тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Келіссөздер барысында бұл көрсеткішті 2 миллиард долларға жеткізу кеерктігі айтылды. Қазақстан Қырғызстанға қазірдің өзінде 195 тауар түрі бойынша экспорт көлемін ұлғайта алады. Оның жалпы құны – 260 миллион доллар. Қырғыз елінің де Қазақстанға шығаратын өнімдері аз емес, – деді Тоқаев.

Ақордада өткен жиында Қазақстан кәсіпкерлерінің қаржысына Ыстықкөл облысында күн энергиясы станциясын салу жоспарланып отырғаны айтылды. Бұдан бөлек, Жалалабад облысында ферроқорытпа зауатын салу жөнінде келіссөз жүріп жатыр. Президенттер бірлескен кәсіпорындар тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға келісті. Су энергетика саласындағы қарым-қатынасты үйлестіру де сөз болды. Соңғы жылдары трансшекаралық су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдаланудың өзектілігі арта түсті. Сондықтан мемлекетаралық су шаруашылығы құрылымдарының жұмыс кестесін жақын арада бекітуге және оны уақытылы орындауға уағдаласты. Мемлекет басшысы Қазақстан барлық міндеттемені толық орындауға және маңызды жобаларды бірлесе іске асыруға дайын екенін айтты.
Сондай-ақ, құрметті мейманын Тоқаев құр қол жібермеді. Қырғыз басшысы Садыр Жапаровқа I дәрежелі «Достық» орденін табыс етті. Одан әрі президенттер қырғыз халқының қаһарманы - Манас батырға арналған елордадағы алып ескерткіштің ашылуына қатысты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.