Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЕЛОРДА МЕКТЕПТЕРІ НЕГЕ ДҮРЛІКТІ?

c 10:55, 20/04 c 14

0:00 / 0:00

Жұманың таңында балалары мектепте оқитын ата-аналардың әлеуметттік желідегі чаттарында "Астана мектептерінде теракт болады"-деген ақпарат тарады. Дүрбелең туындатқан бұл хабарлама "Ужас Астана" телеграм арнасындағы жантүршігерлік жазбалардан туындаған. Хабарламада Астананың 40-қа жуық мектебінде теракт болады деп жазылған. Тіпті, теракт ұйымдастырушылардың саны 20 адам екені және нақты қай мектептерге барып атыс ұйымдастыратындарын айтқан. Әрине бұл хабарламадан соң ата-аналардың көбісі балаларын мектепке жібермей қойды. Өз кезегінде елорда полициясы аталмыш мектептерге тексеріс жүргізілгенін атап өтіп, тұрғындардан тыныштықты сақтауды сұрады. Құқық қорғау органдары аталмыш телеграмм арнасында тараған хабарламаның шыдыққа жанаспайтынын айтады. Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Хабарламада көрсетілген орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және күзетті күшейту бойынша шаралар да қабылданды деп хабарлайды полиция. Сонымен қатар жүргізілген тексеруде анықталғандай, бұған дейін көрші Ресейдің бірқатар аймағында осындай хабар тараған. Telegram-да жарияланған видео жалған және 2024 жылдың 31 қаңтарында Ресей Федерациясының Калуга қаласында тараған. Ал биыл ақпан айында Ақтөбе, Атырау, Алматы, Павлодар, Қарағанды және Қостанай қалаларында осындай хабарламалар тараған болатын. ІІМ терроризм актісі туралы жалға ақпар таратқандарды 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделетінін еске салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.