Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖҰМЫССЫЗДЫҚ БОЙЫНША ШЫНАЙЫ АҚПАРАТ ЖОҚ

c 22:51, 05/03/2022 c 538

0:00 / 0:00

Соңғы бес жылда қазақстандықтардың табысы 80 пайыздан 67 пайызға төмендеген. Бүгінде қазақстандық көбі әлеуметтік төлемдерге тәуелді болып отыр. Ал жұмыссыздық бойынша ақпараттта шынайылық жоқ. Сенатор Бейбіт Исабаев Үкіметке жолдаған депутаттық сауалында еңбек нарығында сұранысқа ие жұмыс орындары бойынша мамандар әзірлеуді ұсынды.
Қазақстан Президенті халықтың тең жарытысының табысы 50 мың теңгені құрап отырғанын айтқан еді. Яғни бұған дейін қазақстандықтардың кірісі 500 мың теңге деген ақпарат шындыққа жанаспай қалды. Кедей мен байлардың арақашықтығы өсіп кетті. Өкінішке орай, халықтың табысы экономиканың жақсаруы есебінен емес, әлеуметтік аударымдар есебінен артып отыр. Көпбалалы отбасылары, табысы төмен азаматттар мемлекеттен әлеуметтік төлемдер алып жан сақтауда. Зейнетақысы тамшылап ғана өсіп жатқан зейнеткерлердің төлемі де қант-шайынан асапй қалды. Қымбатшылық қысып отырған сәтте қазақстандықтар бар тапқанын азық-түлікке жұмсауда. Осылайша әлеуметтік жәрдемақы мен зейнетақымен ғана күн көріп отырғандар көп.

Кредит алып, қарызға батқандар мен кедейлердің үлесі артты. 1 миллионға жуық халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне де жетпейді. Бұл соңғы он жылдағы ең нашар көрсеткіш. Осыған орай Президент үкіметке халықтың әл-ауқатын жақсартып, табысын арттыруды тапсырғанды. Әзірге ел үкімет бұл жолдағы жұмысын жариялаған жоқ. Еңбек министрі болса жекеменшік компанияларға жұмыскерлерінің жалақысын арттыруды ұсынамыз, бірақ міндеттей алмаймыз деп отыр.

Сондай-ақ, сенаторлар жұмыссыздық бойынша шынайы ақпарат жоқ деп отыр. Құзырлы органдар өзін-өзі жұмыспен қамтып күнін көріп жатқандарды да жұмысбастылар қатарына енгізіп, жасанды статистиканы ұсынуда дейді сенатор Исабаев.

Сенатордың айтуынша, жоғарғы оқу орындары мен колледждерде біліп алып шыққан түлектердің әрбір үшіншісі жұмысқа орналаса алмай жүр. Олар жалақысы төмен, мамандығына сай келемйтін жұмыстарға тұруға мәжбүр. Өз кезегінде депутат Үкіметке еңбек нарығындағы сұранысты терең зерттеуді. Алдағы бес жылда оқу орындарында сұранысқа ие мамандықтар бойныша оқытуды қолға алуды және қазақстандықтардың табысын өсіріп, лайықты жұмыспен қамтуды ұсынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.