Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жұмыссыздардың саны артқан

c 16:54, 23/04/2020 c 282

0:00 / 0:00

Қазіргі таңда Оралда 2 мыңнан астам азамат жұмыссыз ретінде тіркеліп, екі қолға бір күрек таба алмай отыр. Мұндай мәліметтерді жұмыспен қамту орталығының мамандары берді. Олар өткен жылмен салыстырғанда жұмыссыздардың саны 700-ге артқандығын айтады.

Төтенше жағдай басталғалы бері 500 оралдық жұмыспен қамту орталығына жолығып, ресми түрде жұмыссыз ретінде тіркелген. Сала мамандары қазіргі таңда 2000 тұрғынның екі қолға бір күрек таба алмай отырғанын айтады. Былтыр бұл көрсеткіш 1300-ді құрапты. Мамандар жұмысынан айырылған азаматтарды ақылы қоғамдық жұмыстарға орналастыру үшін күш салып жатыр.

Қызметінен айырылған жандардың еңбекке тез араласып, нарықта сұранысқа ие мамандықты меңгеруі бұл жұмыс іздеген адамға да, маман тапшы болған кәсіпорындарға да тиімді. Қазіргі таңда өңірлік комиссияның шешімі шықпағандықтан, қысқа мерзімді курстарға жіберу ісі тоқтап тұр. Сала мамандары қазірдің өзінде жұмысшы маман керек деп өтініш білдірген мекемелер бар,- дейді.

Қазіргі карантинге байланысты халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары жұмысын жолғатқан азаматтардың өтінішін "егов" порталы арқылы қабылдауда. Мамандар үш күннің ішінде өтініш берген азаматты жұмыссыздар санатына енгізіп, мамандығы бойынша еңбекке тартылуына көмектеседі.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.