Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«Жұмыс бар ма?»

c 09:15, 16/04/2021 c 463

0:00 / 0:00

Халықты жұмыспен қамту картасы одан әрі ұзартылмақ. Алайда, бұл бағдаралама сынға ұшыраған болатын. 2020 жылы жұмыспен қамту  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 131 млрд теңге бөлінді. Карантин барысында қосымша 50 млрд теңге қарастырылды.  Депутаттар халықты жұмыс қамту қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Жүздеген жұмыс орны ашылды деген ақпарат  шындыққа жанаспайды дегенді. Бүгін өткен брифингте еңбек вице-министрі айтылған сындар түзетіліп, жоба одан әрі жалғасын болды деп отыр.

Нұр-Сұлтанның орталығында орналасқан жабық базар маңындағы күндегі көрініс осы. Бұл жер таңнан бері қолма-қол ақшаға жұмыс іздегендердің жиналатын орнына айналған. Тұрақты жұмысы жоқ  тепсе темір үзетін жігіттер  күнделікті тапқан нәпақамен отбасын асырап отыр. Уақытша жұмыс берушілердің кез-келген ұсынысын қабылдайды. Жүк тасиды, құрылыс жұмыстарын жасайды тізе берсек қара жұмыстың барлық түрін опыруға дайын. Ең бастысы қолма-қол ақша төлесе болғаны. Оларды зейнетақы жинағы мүлдем мазаламайды. Зейнет жасын ойлайын уақыт жоқ, бүгінгі күнмен өмір сүреді. Несиеге де жоламаймыз дейді. Ал үкіметтен үміт үзген. Олардың ұсынған жұмысы үшін төлейтін айлығы күн көріске жетпейді дейді жігіттер.

Ал үкімет халықты жұмыспен қамтуда бағдарламалар қабылдап, елді қарық қылып жатырмыз деген есептен жаңылар емес. 2020 жылы жұмыспен қамту  «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 131 млрд теңге бөлінді. Карантин барысында қосымша 50 млрд теңге бөлінді.  Депутаттардың айтуынша, халықты жұмыс қамту қағаз жүзінде ғана жүргізілген. Жүздеген жұмыс орны ашылды деген ақпарат  шындыққа жанаспайды. Бір тұлғаны жұмыспен қамтылды деп бірнеше рет бірыңғай ақпараттық жүйеге енгізе берген. Осындай 15 мың дерек тіркелді.

2020 жылы жұмыссыздар саны 6 пайызды құрады. Бұл еңбек министрлігінің есебіне түскен мәлімет. Өкінішке орай ресми емес мәлімет бойынша, Қазақстанда еңбекке жарамды деген халықтың 30 пайызы жұмыссыз жүр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.