Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жұлдыз" шағын ауданы тұрғындары қалаға жаяу қатынауда

c 18:10, 14/02/2018 c 1131

0:00 / 0:00

"Өркениеттен ада қалған арал!" "Жұлдыз" шағын ауданының ең шеткі бөлігінде орналасқан тұрғындар өз мекендерін осылай атайды. Себебі шағын ауданға жол жоқ болғандықтан қоғамдық көлік қатынамайды. Тұрғындар 2 шақырым жердегі мектеп пен балабақшаға балаларын жаяу алып келеді. Жолсыз сайда ықшам ауданнан шеткері қалған 30 шақты тұрғын үй өз базынасын билік өкілдеріне жеткізбек болды.

"Жұлдыз- 2" шағын ауданы "Жұлдыз" шағын ауданынан әрірек орналасқан. "Аралдықтарға" жету үшін біраз жолсыз жермен жүріп, сайға түсуге тура келеді. Бәрінен де халықты қинап отырғаны балаларды 2 шақырым жаяу жүріп, мектепке жеткізу жайы болып отыр. Себебі соңғы аялдама 37 мектеп маңында орналасқан. Ал оған тек №1-ші маршрут қана қатынайды.

"Жұлдыздан" жер телімдері 2002-жылы берілген. Содан бері тұрғындардың талап-тілегі орындалмай отыр. Сонымен қатар, ауданда электр көзінің қуаты тым әлсіз болу мәселесі де шешілмей келеді.Қаншама тұрғын тұрмыстық техникасын жандырып, балалар кеште сығырайған

Өткен жылы "Жұлдыз" шағын ауданыда 12 көшенің жолы жөнделді. Ал биыл біз жол салу мәселесі шешілмейінше, қоғамдық көліктің жүру сұлбасын ұзарту жайында еш нәрсе айта алмаймыз дейді әкімдік өкілі. Аялдамамен ықшам аудан арасын көлік жолымен жалғастыру үшін халық орналасқан мекеннен қашықтық 800 метрден кем болмауы керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.