Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоғары білім беру сапасы төмен

c 19:28, 08/04/2021 c 509

0:00 / 0:00

Басты мақсат – жоғары оқу орындарындағы сапаны көтеру. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов  лицензиясынан айырылған жоғарғы оқу орындары жайында айтты. Қазақстандық жоғары оқу орындарындағы білім беру сапасына қатысты сын көп. Сол себепті қалтасы көтергендер балаларын шетел асырып, оқытып жатыр. Ал шамасы жетпегендер елде қалып оқуда. Білім министрі университеттердің жұмысын тексеруге сыбана кіріскелі 30 аса оқу орны лицензиясынан айырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, еліміздегі ЖОО тек жартысы ғана өз түлектерінің 60 пайызының жұмысқа тұруын  қамтып отыр дегенді. Өкінішке оқу орындары үшін білім сапасы басты мәселе емес, көздегені пайда табу. Қазақстандық оқу орындарында оқу ақысы миллионның  үстінде. ЖОО қыруар қаржы тауып отырған бизнес көз. Оған қоса мемлекеттік гранттардан да пайда түсіп жатыр. Ұлттық университеттер үшін әр грант 635 мың теңгені құрайды. Мемлекет жыл сайын грант санын да арттырып жатыр. Бір ғана жекеменшік жоғары оқу орны жабылса, оның құрылтайшылары жыл сайын көріп отырған 4 млрд теңгесінен қағылады. Әрине мұндай май шелпектен айырылғысы келмейді. Білім министрлігі сапасыз білім беріп жатқан оқу орындарын жауып ғана қоймай, жекелеген бағыттар бойынша лицензиясын тартып алып жатыр.

Асхат Аймағамбетов – ҚР білім және ғылым министрі «Кей жоғары оқу орындарында кәсіптік білім беру жоқ болып шықты. Қажетті техникалық базасы да жоқ.Сапалы білім беретін оқытушылар да болмады.Мұндай жағдайда біз басты лицензияны емес, нақты бағытта дайындайтын лицензияны тартып алып жатырмыз. Бүгінгі күні 37 жоғарғы орқу орнынан 413 лицензияны алып қойдық».

Жоғары оқу орындарын тазалау жұмысы әлі де жалғаса бермек. Биыл 36 жоғары оқу орны мемлекеттік тапсырысқа ілікпей қалды. Басты себептер- қажетті мәліметтер дұрыс көрсетілмеген, білім беру сапасы нашар, оқу орнын бітіргендердің жұмысқа орналасуы төмен.  Министрлік ең алдымен ескерту жасайды. Одан нәтиже шықпаған жағдайда  лицензиясын тартып алады.

Асхат Аймағамбетов – ҚР білім және ғылым министрі «Өздеріңіз көріп отырғандай, бұл процесс өте ұзақ жүргізіледі. Жоғары оқу орындарына өз қателіктерін түзеуге уақыт беріледі. Өкінішке орай, ескертуімізге құлақ аспағандардың лицензиясын тартып алуға тура келеді»

Министрдің айтуынша, саны көп, сапасы жоқ ЖОО қысқарту жұмысы Президенттің тікелей тапсырмасы.  Алайда, әр университеттің артында депутаттар мен биілкке жақын беделді азаматтар тұр дейді экс-министрлер.  Сарапшылар олардың аты-жөнін ашық жариялауды да сұраған болатын.Бүгінде Қазақстанда 130 ЖОО бар.  Халықаралық статистикаға сүйенсек, 300 мың тұрғыны бар жерге бір оқу орны жеткілікті. Яғни біздің елімізге 60 ЖОО да жететін еді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.