Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жоғарғы оқу орындарын тексеру күшейді

c 19:47, 24/12/2020 c 584

0:00 / 0:00

Асхат Аймағамбетов білім министрлігіне келгелі жоғарғы оқу орындарын тексеруді күшейтті. Саны аз болса да, сапалы оқу орын болған жөн шығар. Министр бүгінгі брифингте қандай университеттердің жабылатынын айтты.Бұл қысқартулар Президенттің тікелей тапсырмасы деді Аймағамбетов.

Не керек Аймағамбетов білім саласын тізгіндегелі жоғарғы оқу орындарын тексеруін күшейтті. Ендігі лицензиясынан айырылып жатқандар бар. Білім сапасы сын көтермейтін жоғарғы оқу орындарын жабу Президенттің тапсырмасы болатын. Бүгінде елден шетелге кетіп жатқандардың көбісі  білім сапасының нашарлығынан осындай шешім қабылдауда. Қазақстандық жастар мұхит асып білім алуға құштар. Елде оқу құны да шарықтап кеткен. Қазақстанда 130 жоғарғы оқу орны бар. Халықаралық статистика бойынша, 300 мың тұрғыны бар өңірде бір университет жеткілікті. Яғни біздің елге 60 жоғарғы оқу орны жетер еді. Осылайша, оқу орындарының жартысын біріктіруге болады немесе лицензиясын қайтарып алу қажет. Университеттерді гуманитарлық, техникалық салалар бойынша қосып, сапалы білім беруге болар еді.  Министр, саны көп сапасы жоқ оқу орындарын тексеруді одан әрі жалғастыра бермек.

Сапасыз білім беретін оқу орындары жабылып, кадр әзірлеуде жауапкершілігі бар университеттер ғана қалады. Ендігі 25 оқу орнының лицензиясы қайтарылып алынды. Тіпті педагогтарды дайындайтын университеттер экономист, заңгерлерлікке оқытып кеткен. Бұл енді ақша табудың жолы екені сөзсіз.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бегілі тұлғалар  оқу орындарын жабуға қарсылық білдіріп отырғанын айтқанды. Сарапшылар бұл орайда, қаптаған оқу орындарының артында тұрған негізгі иелерін анықтап, жариялау керек. Себебі, олардың арасында шенеуніктер мен депутаттар да болуы әбден ықтимал дейді. Ал олар жеп отырған нанынан айырылғысы келмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.