Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жерлестеріміз жүлделі оралды

c 17:05, 18/05/2018 c 717

0:00 / 0:00

Батысқазақстандық жас спортшылар республикалық додадан жүлделі оралды! Оқушылар арасындағы біріншілікте ескекпен есуде байдарка мен каное бойынша жерлестеріміз 10 медальға ие болған. Бүгін талапты жеңімпаздарды "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясының өкілдері құттықтап, сый-сияпаттар табыс етті.

Байдарка мен каноэ есу - қайықпен есу спортының бір түрі. Сонау 1936 жылдан бастап олимпиадалық спорт түріне енгізілген Байдарка мен каноэ есу - спорттың ең әдемі және ауыр түрінің бірі. Бұл спорт түрінің жүктемесі өте ауыр, сондықтан есу спорты шаңғы, биатлон сияқты ең ауыр спорт түрлерінің қатарына жатады екен. Қалалық мәдениет және демалыс саябағында аптасына бірнеше мәрте спорттық дайындықтарын шыңдайтын талапты жастардың бүгінде спорттық дағдылары жоғары.

Міне, осы жас спортшылар бірер күн бұрын Алматы қаласындағы турнирден қанжығаларын майлап қайтты. 10 медальді иеленіп, командалық есепте 3 орынға жайғасқан олар екі алтын, 2 күміс және қола медальдерді алып келген.

Әлем бойынша қарқынды дамып келе жатқан бұл спорт түріне қызығатын жастар көп. Облыста бұл спортты одан әрі дамыту бағытында түрлі шаралар қолға алынуда. Ал спортшылардың жарыстарға қатысып, биік шыңдарды бағындыруға септігін тигізіп жүрген «Ақ жол» ҚДП БҚО бөлімі оларға демеушілік көрсетіп келеді. Бүгін де партиялықтар сол дәстүрден жаңылмай, жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттады

Мәншүк Ишимгалиева
"Ақ жол" ҚДП БҚОФ төрағасының орынбасары
Бүгін біздер "ЖАстар" республикалық турнирінің жеңімпаздарын марапаттадық. Оған колледж студенттері мен спорт мектептері, спорттық интернат оқушылары қатысты. Қатысқан 10 команданың ішінен облысымыз 3 орынды иеленді. Олар біздің еліміздің болашағы. спорттың болашағы. спортшыларға тек жеңіс тілейміз!

Талапты спортшылар енді жуырда болатын ірі-ірі жарыстарға дайындықты бастап кеткен.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.