Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ОҚУШЫЛАР ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ

c 15:38, 28/02/2023 c 124

0:00 / 0:00

Ағымдағы жылдың 24-ші және 26-шы ақпан күндері елордада еліміздің түкпір-түкпірінен робототехниканың тілін тапқан жастар жиналды. Оқушылар сарайы оралдық команданы бәйгеге қосқан. Шәкірттер үкілеген үмітті ақтап, чемпионаттың гран-при жүлдесін иеленді. Жеңімпаз команданы Орал вокзалынан ұстаздары мен ата-аналар құшақ жая қарсы алды.

Робототехникадан Орталық Азия First Championship бәсекесі алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Жүлдегерлер Оралдағы Оқушылар және жастар сарайының «Робототехника» үйірмесінде жаттығып келген. Жарысқа тыңғылықты дайындалған команда жұмсалған уақыт пен еңбектің нәтижесін көрсете білді. Бұл жеңістің астарында қатысушыларға бағыт-бағдар берген ұстаздың ықпалы зор.

Айта кетейік, жеңімпаз команданың мүшелері - Назарбаев Зияткерлік мектебі, Орал ақпараттық технологиялық колледжі мен оқушылар сарайының тәрбиеленушісі. Робототехника шеберлері республикалық деңгейдегі жарыстармен шектелмеуге бекініп отыр.

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.