Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БАСКЕТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

c 16:53, 30/08/2023 c 167

0:00 / 0:00

Орал қаласында баскетболдың стритбол түрі бұқаралық сипат алып келеді. Оның дәлелі - облыстық турнирде 40-тан астам команданың қатысуға ниет білдіруі. Жарыс алғаш рет ұйымдастырылғанына қарамастан БҚО, Орал және Ақсай қалаларымен қоса, Шыңғырлау ауданы, жеке мектеп спортшыларының да басын қосты. Жасөспірім ұлдар арасындағы доп додасы облыстың баскетбол және стритбол федерациясының қолдауымен өткізіліп отыр.

ЗИНҰР РАМАЗАНОВ

БАСКЕТБОЛ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ

Стритбол 1950 жылдары АҚШ-та пайда болыпты. Баскетболдан ойыншылар санымен ерекшеленеді. Әр командадан 3 ойыншы баскетбол алаңының жартысын, бір сақинаны пайдаланады. Өңір спортшылары бұл ерекшеліктерді жетік меңгеріпті. «БҚО ARLANS» командасы тәжірибелі, әрі біраз жетістікті бағындырып үлгерген құрама. Облыстық турнирде тағы бір жеңісті қанжығаға байлады. «Кезекті жарыс тартысты ойын өрнегімен есте қалды. Жаңа достармен таныстық» дейді команда капитаны.

МАНСҰР АЮП

«БҚО ARLANS» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ

Турнир қорытындысына сәйкес үздік командалар 4 категория бойынша анықталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, медаль және естелік сыйлықтар табысталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ойын барысында үздік ойыншылар облыс құрамасының мүшелігіне іріктеледі.

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.