Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ПНЕВМАТИКАЛЫҚ ҚАРУДАН ОҚ АТУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

c 09:09, 15/02/2023 c 231

0:00 / 0:00

Биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толады. Өрімдей 18-19 жасар сарбаздар майдан даласында қолына қару алды. Олардың қатарында даңқты жауынгер Владимир Карпов та бар болатын. Оралдағы №22 жалпы орта білім беретін мектепте Владимир Карповты еске алуға арналған спорттық шаралар өткізу дәстүрге айналған. Биыл мектеп әкімшілігі оқушылар арасында пневматикалық қарудан оқу ату жарысын ұйымдастырып отыр. Жарыс алдында ауған ардагерлері мен қатысушылар Владимир Карповты бір минут үнсіздікпен еске алып, ерлігіне тағзым жасалды. Мектеп қабырғасында майдангерге арналған таным бұрышы дайындалған.

Пневматикалық қарудан оқ ату сыны қатысушылардан асқан мергендікті талап етеді. Мәселен, әр қатысушыға 3 мәрте сынама, 5 мәрте сынақ үшін ату мүмкіндігі берілген. Оқушылар қарудан оқ ату кезінде 10 метрлік нысананы көздейді. Спорт төрешісінің бұйрығынсыз қаруды оқтау немесе одан оқ ату нәтижеге есептелмейтін көрінеді. Мергендік сынында 4 команда бақ сынады.

Спорт сайысының дәстүріне сай жеңімпаздар мен жүлдегерлер ынталандыру сыйлықтарына ие болмақ. Айта кетейік, 1983 жылы кеңес әскерінің қатарына шақырылған Владимир Карпов - «Қызыл жұлдыз» орденінің иегері. Ұрыс даласында ерлік көрсеткен жауынгерге бұл марапат қаза болғаннан кейін табысталыпты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.