Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жеке қабылдау

c 17:01, 27/03/2019 c 504

0:00 / 0:00

Оралдық кәсіпкер инвестициялық кеңесте мақұлданған жобам алты айдан бері іске аспай жатыр деп шағымданды. Өткен жылдың қазанында Бауыржан Махамбет есімді кәсіпкер Ресейлік серіктестерімен бірге, облыстық инвестициялық кеңеске қалалық мәдениет және демалыс саябағында жаңадан шолу дөңгелегін орнату туралы жобасын таныстырғанды. Кеңесте саябақтың инфраструктурасын жаңарту туралы жоба мақұлданып, дөңгелекті орнату бойынша жер телімдерінің жобасы дайындалу керек еді. Бұл құжаттарды қалалық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі жасақтауы керек екен. Кәсіпкердің сөзіне сенсек, мемлекеттік қызметкерлер бизнеске қолайлы жағдай жасай алмай отыр. Сол себепті жаңадан шолу дөңгелегін орнатудың уақыты ұзап кетуі де мүмкін.

"Инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау" жобасының аясында ұйымдастырылған шараға 5 кәсіпкерлер келіп, толғандырған сауалдарына жауап алып, шешімін таппай жүрген мәселелерді ортаға салған-ды. Олардың бірі -оралдық Бауыржан Махамбет. Ол өткен жылы қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы шолу дөңгелегін алмастыру туралы жобасын таныстырған еді. Жоба инвестициялық кеңестің қолдауына ие болды. Алайда, алты айдай уақыт өтсе де, жобаны іске асыру барысында көптеген қиындықтар туындап жатқан көрінеді.

Кәсіпкерлермен кездескен департамент басшысы мән-жайды анықтау үшін қызметкерлеріне тиісті тапсырманы жүктеді.

Кездесуге келген кәсіпкердің сөзінше, егер уақытылы құжаттар дайын болмаса, қаланың көркін келтіретін шолу дөңгелегін орнату кейінге шегеріп қалмақ. Бұл өз кезегінде инвестициялық жобаның орындалуы мен қаржы көздеріне өз әсерін тигізбей қоймайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.