Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Жастар" сырғанау алаңы ашылды

c 09:39, 05/02/2018 c 1186

0:00 / 0:00

Юность мұз айдынының есігі енді қалың бұқара үшін ашық. Естеріңізге сала кетейік мұз айдыны осыдан бір жыл бұрын жөндеу жұмыстарына жабылған болатын. Енді міне жөндеу жұмыстары аяқталып, айнадай жалтыраған мұз айдыны өз келушілерін күтіп отыр. Енді осы мұз айдынында біздің спортшыларымыз алаңсыз жаттығу жүргізе алады.

Мұз айдынына жөндеу жұмыстары сәтті жүргізілген деуге толық негіз бар. Бір жыл бойына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын облыс әкімі Алтай Көлгінов пен қала әкімі Асқар Мұқаев сынап көрді. Мұз айдынының жұмысымен танысқан аймақ басшысы бұл жерде біздің спортшыларымыз алаңсыз жаттығу жұмыстарын жүргізе алады деді өз сөзінде. Айта кетейік біздің облыстың намысын қорғап жүрген «Ақжайық» хоккей комнадасы үшін жаттығу жасайтын бірден бір алаң осы мұз айдыны еді.

Оралдық «Ақжайық» хоккей командасы Ресей федерациясында жиі болып ойын көрсетіп жүрген командалардың бірі. Осы команданы жеңіс биігіне көрініп, жаттығуларын тыңғылықты жасаулары үшін жасанды мұз айдыны қажет болған еді. Қазір спортшылардың сұранысы толығымен өтеліп отыр.

Мұз айдыны тек спортшылар үшін ғана жұмыс жасамайды, кез келген қала тұрғындары мен қонақтарына осы жерде сырғанақ тебуге болады. Бұқаралық сырғанау үшін мұз айдыны сенбі-жексенбі күндері  түстен кейін жұмыс жасайды, кріу тегін, тек бұл жерден өзіңізге қажетті конькиді ғана жалға аласыз.

Мұз айдыныдағы мұз жабыны 10 градус жылылыққа дейін жұмыс жасай алады. Көпшілік үшін есігін айқара ашқан айдынның айналасын абаттандыру жұмыстары күтіп тұр.

 

 

 

 

 

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.