Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас спортшы Азия чемпионатынан жүлдемен оралды

c 18:13, 29/03/2022 c 534

0:00 / 0:00

Оралдық спортшы Азия чемпионатынан күміс медальмен оралды. Азия біріншілігі Тайланд елінде өтті. Байдарка мен каное есуден өткен жарыстан олжалы келген Мария Вробкованы спорт жанашырлары әуежайдан қарсылап алды.

Оралдық жас спортшы Мария Вробкова байдарка мен каное есуден Азия чемпионатында 2-орын қанжығалады. Бойжеткен бірінші рет Азия біріншілігінде өнер көрсеткен. Ол бұған дейін ел біріншілігін бағындырып келді. Туған қаласына оралған жас спортшыны жанкүйерлері әуежайдан қарсылап алды.

Спортшының бапкері өңірде байдарка мен каное есу спортының негізі осыдан 50 жыл бұрын қаланғанын айтады. Қазіргі таңда осы спорт түрін жанына серік қылған жастардың қарасы көп. Бұған дейінде оралдық спортшылар байдарке мен каное есуден ел мен әлемдік жарыстарда топ жарып жүр.

Тайланд елінде Марияның жанкүйерлері тақымын қысып, жарысты бар ынталарымен тамашалағандарын айтады.

Азия чемпионатынан күміс жүлдемен оралған Мария енді Алматы шаһарында өтетін жарысқа дайындықты бастамақ. Жас спортшы ел біріншілігінен топ жарса, әлемдік сайыстарда өнер көрсетеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.