Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәрмеңке жемісті өтті

c 11:46, 25/12/2017 c 743

Оралда жаңа жыл қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтті. Ысқанов кешесіне жайғасқан саудагерлер ауылшаруашылық өнімдерін төмен бағамен саудалады. Оларға бұл жәрмеңкеде алаң тегін берілген болатын. Осылайша жәрмеңке сатушыларға да, тұрғындарға да тиімді болды.Оралда мұндай жәрмеңкелер тамыз айынан бастап жиі ұйымдастырылып келеді. әР тұрғын арзандатылған бағамен азық-түлік сатып алуға мұнда демалыс сайын арнайы келеді. Бүгінгі жәрмеңкеге де 50 шаруа қатысып, өз тауарларын сатуға мүмкіндік алды. Биыл жыл бойына осындай 30 жәрмеңке өтіп, 240 млн теңгенің өнімі сатылған. Жәрмеңкедегі 1200-1300 теңгеден саудаланған сиыр және жылқы етіне сұраныс мол болды. Жеміс-жидектер де бірден сатып алынып жатты. Десе де, тауар бағаларының дүкендегілерден айырмашылығы жоқтығын айтып шағымданған тұрғындар да табылды. Ықсанов көшесінде 29 және 30желтоқсан күндері де осындай жәрмеңке ұйымдастырылмақ

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.