Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жәнібекте 100-дің үстінде үй салынуда

c 15:18, 05/02/2018 c 792

0:00 / 0:00

Елбасының "Нұрлы жер" бағдарламасының арқасында Жәнібек ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды алға басуда. Былтыр басталған 104 пәтердің 24-і қолданысқа тапсырылса, қалған 80 үйді үстіміздегі жылы кезекте тұрған тұрғындар игілігіне беру жоспарланып отыр. Облыс әкімі ауданға сапарында аталған баспаналардың құрлысымен танысты.
Өткен жылы "Өңірлерді дамыту" бағдарламасының аясында Жәнібек және Қамысты ауылдарындағы су құбыры қайта жөндеуден өткізіліп, әр үйге таза ауыз су кіргізілсе, биыл Ақоба, Талов ауылдарына су өткізуге республикалық қордан 454 миллион теңге қарастырылған.
Ағымдағы жылғы көрсеткішпен аудан бюджеті 4 млрд 202 миллионды құрап, түзетілген бюджеттің шығыстар бөлігі 4 млрд 165 миллион теңгемен 100 пайызға орындалыпты. Бүгінде 830 шағын кәсіп иелерінің қарауында 2 мыңға жуық адам жұмыс жасап, тұрақты жалақы алуда. Ал, жылдан-жылға саны артып келе жатырған шаруа қожалықтарына 360 миллионның үстінде субсидия табысталған. Қай-қай салада да несібелері артып, ырыстары тасып отырған Жәнібектіктер жол мәселесіндегі қауіптері мен қорқыныштарын да жасырмады.
Ал аудан азаматшаларын мазалап жүрген сұрақтардың бірі Жәнібек пен Оралға жол жүру құнның қымбаттығы мен ауданға келген басшылардың тұрақтануын сұрады.
Аудандағы аға буын өкілдері бүгінгі жағдайларының бұрынғыдан әлдеқайда дамып, ілгерілеуіне тәубе деп, облыс, аудан басшыларына алғыстарын жаудырса, үш ауданның жастар қауымы аудан орталықтарында спорт кешендерінің салынуын сұрады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.