Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңақалада жақсылық көп - Облыс әкімі Жаңақалада

c 18:52, 08/06/2018 c 792

0:00 / 0:00

Жаңақалалықтар ұзақ жылдар бойына зəру болып келген таза ауыз су үстіміздегі жылы жеткізіліп, ел игілігіне пайдалануға берілмек. Құлшық жер асты суын аудан орталығы мен сегіз елді мекенге қосуды мойындарына алған мердігерлер өңір əкіміне жұмысты биыл белгіленген мерзімде бітіріп беруге сөз берді.

Жалпы 2 млрдқа тарта қаржы жұмсалған Құлшық жер асты суы 16 мыңнан астам аудан халқының шөлін қандырып, өмірін жандандырмақ. Ауыз су тапшылығын өте көп тартқан тұрғындарды өңір əкімі 145 шақырым қашықтықтан тартылып жатырған тіршілік сөзі-құлшық суын ысырап жасамауға шақырды.

Аудан көлемінде атқарылып жатқан көп жұмыстың Жуалыой,Жангелді,Мұқыр,Сарыкөл сынды төрт бірдей елді мекенге көгілдір отын тарту. Осы ауылдар газге қосылса, ауданның 70 пайызы көгілдір отынмен қамтылмақ. Жаңақалалықтар үшін тағы бір үлкен жаңалық аудан орталығынан тұрғындарға берілген 1047 жер теліміне осы үстіміздегі жылы толықтай инфрақұрылым тартылып, су, газ, жарық берілмек.Бұл да біраз жылдан бері көтеріліп шешімін таппай келе жатқан мəселе еді.

Қазіргі ауданның негізгі кəсібі төрт түлік мал өсіру. Жергілікті ірі шаруа қожалықтары жетекшілеріне елдегі,өңірдегі ет экспортын өркендету үшін мал басы санын кемітпей, көбейтуді тапсырды. Аудан аумағында шаруалардың мал бағуына да жағдай жасалып, сай-салалар мен көлтабандар суға толтырылып, тозығы жеткен қақпалар қалыпқа келтіріліп жатыр.

Өткен жылдар 19 үйді тұрғындар игілігіне тапсырған ауданда биыл үш қабатты 24 пəтерлі жалдамалы тұрғын үй құрылысы басталған. Құрылыс жұмысымен танысқан облыс əкімі мердігерлерге жұмысты кешіктірмей тапсыруды ескертіп, жаңа баспананың кірпішін қаласты.

Аудан ақсақалдарымен,кəсіпкерлермен, жастармен кездескен өңір əкімі өңірдегі соңғы жылдардағы оң өзгерістерге тоқталып, аудан тұрғындарының ризашылығын алып, Бөкей Орда ауданына аттанды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.