Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа заң жобасы қарастырылуда

c 17:31, 06/03/2018 c 857

0:00 / 0:00

Қоғамда әйел адамдардың бетін тұмшалауы мен ер адамдардың сақал өсіруі жиі сынға ілігіп жататыны жасырын емес. Аталмыш мәселені заңды тұрғыда реттеу үшін еліміздің парламенті арнайы заң жобасын қарастырып жатыр. Жаңа заң жобасына сәйкес әйел адамға бет әлпетін тұмшалауға болмайды. Егер азаматша заң талаптарын бұзған жағдайда оған қатысты бірінші рет ескерту жасалады. Кейін, бұл қылығын тағы бір қайталаса әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сала мамандары бұл заң жобасы бірінші кезекте қауіпсіздік үшін қажет,-дейді.

Жаңа заң талаптарына сәйкес шетелде діни білім алғысы келетін жандар, ең алдымен еліміздің діни оқу орындарынында білім алуы керек деген ереже қабылдануы мүмкін.

Қазіргі таңда дін саласындағы ең өзекті мәселе азаматтардың радикал топтардың құрамына енуі екендігі сөзсіз. Сала мамандарының зерттеуі бойынша радикал топтардың құрамына енуге діни сауатсыздық себеп болады.

Дін саласындағы өзекті мәселелердің бірі ол кадр дайындау мәселесі болып тұр. Мәселен, 2017 жылы дін істер басқармасы мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесе отырып, 30 жас түлекті Алматыда бой түзеген "Нұр-Мубарак"университетіне түсу үшін арнайы дайындапты. Алайда, қазіргі таңда аталған түлектердің тек 17-сі ғана осы оқу орынында білім алып жатыр. 11 баланың ата-анасы бауыр еті баласының радикал топтарының құрамына тап болуы мүмкін деген үреймен Алматыға оқуға жібермей қалыпты. Қазіргі таңда, 10 азамат "Нұр-Мубарақ" университетін бітіріп, өңірмізде қызмет жасап жатыр. Сондай-ақ, Мысырдағы Ислам мәдениеті университетінде өңіріміздің 40 студенті білімдерін шыңдап жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.