Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа оқу жылына дайындық барысы пысықталды

c 18:22, 02/08/2021 c 1243

Облыс орталығында орналасқан 5 мектептің шатырын ауыстыру үшін 150 млн. теңгедей қаражат керек. Маусымда болған дүлей дауыл білім беру ұйымының шатырына залал келтірген еді. Қазіргі таңда қала әкімдігі шатырды жаңалау үшін бюджеттен 150 млн. теңге бөлуді сұрап қаржы басқармасына өтініш жазған. Мамандар керек қаражатты бөлсе, жұмыстардың барлығын 1 айда аяқтаймыз,- дейді шаһар басшысы Абат Шыныбеков.

Әкімдікте өткен жиналыста бірнеше мәселе қаралды. Ең бірінші сауал-2021-2022 жаңа оқу жылына дайындық мәселесі еді. Білім басқармасының берген ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда күрделі жөндеу жүріп жатырған және шатыры ұшқан білім ордаларынан өзге барлық мектептер оқу жылына дайын. Биыл 11 мектеп күрделі жөндеуден өтуде. Аталмыш білім беру ұйымдарының оқушылары жөндеу аяқталмайынша өзге ғимараттарда білім алмақ. Бүгінгі таңда қалада маусымда болған дауылдан шатырына зақым келген 15 мектеп бар.

Шатыры ұшқан білім беру мекемелерінен бөлек биыл облыста 6 бастауыш мектеп жабылмақ. Бұл мектептерде 15 бала білім алған. Және биыл жаңа талаптарға сәйкес жылыту қазандықтары бір ғимаратта орналасқан мектептерді электр желісімен жылыту жолға қойылмақ.

Облыста 388 мұғалім тапшы. Өңірдің бас педагогы кадр тапшылығы биыл грантпен оқып келген 71 жас пен колледж, университеттің түлектерімен жойылатынын айтады. Әкімнің лездемесінде қаралған тағы бір мәселе тендер ұтып алған компаниялардың өңірлік филиалдарын ашу. Биыл өзге өңірде тіркелген 28 компания мемлекеттік сатып алуға қатысып, тендер ұтқан. Бірақ оның 11-інің әлі күнге дейін аймақта филиалы ашылмапты. Мамандар 2,8 млрд. теңге салықтың қазынаға түспей отырғанын айтады.

Мемлекеттен тендер ұтып алған компаниялармен қатар "Жайық Мұнай", "КПО БИВИ" сынды ірі өндіріс ошақтарымен бірге жұмыс істейтін мердігер компаниялар да өңірде тіркелмей отыр. Соның кесірінен 10 млрд. теңгедей қаражат қазынаға түспеуде..

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.