Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жаңа басшы жемқорлықты жоя ала ма?

c 19:10, 16/04/2021 c 540

0:00 / 0:00

Еліміздегі сыбайлас жемқорлықпен күреске жаңа басшы тағайындалды. Бүгінге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып келген  Алик Шпекбаев қызметінен босатылып, бұл лауазым Марат Ахметжановқа бұйырды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл ауыс-түйістің себебін түсіндірді. Айта кетейік жаңа басшы бұған дейін бас прокурордың орынбасары міндетін атқарып келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаевқа алғыс айтып, шығарып салды. 63 жастағы Шпекбаевтың еңбек жолы құқық қорғау органдарында өтті. 2017 жылдан бері елдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігін басқарып келді. 4 жылда қаншама жоба қабылданып, жемқорлықтың алдын алу шаралары атқарылды. Бірақ мұнымен елдегі парақорлық, жемқорлық тыйыла қойған жоқ. Енді Шпекбаев зейнеткерлікке шығып демала ма, әлде басқа қызметке ұсыныла ма? Әзірге белгісіз. Оның орны 56 жастағы экс -прокурор Марат Ахметовжановқа бұйырды. Ахметжанов бүгінге дейін бас прокурордың орынбасары міндетін атқарып келді. Енді білдей бір агенттік басшысы болып тағайындалды. Президент жаңа басшыға бірден бірқатар міндеттерді жүктеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды барлық деңгейде тиімді жүргізу үшін кешенді жұмыс атқару қажет деді.

Президент шаш ал десе, бас алмай жемқорлықпен күресу  қылмыстық қудалау әрекетімен ғана шектелмеуі керек екенін айтты. Себебі мемлекеттік аппарат шешім қабылдаудан тартынып, бюрократияға бой алдырады және лауазымды тұлғалар жеке жауапкершілік алудан жалтарады  - деді Тоқаев.  Тамыры тереңге кеткен жемқорлармен күресу үшін қоғамдық бақылауды күшейту қажеттігі айтылды.

Қазір  қылмыстық процестің үш буынды моделі енгізіліп жатыр. Мұндай модель айыптаушылық ұстанымды бәсеңдетіп, қылмыстық процеске заңсыз араласуды болдырмайды.    Президент жемқорлықпен күрес агенттігі  өз қызметін қылмыстық процестің үш буынды моделіне бейімдеуі тиіс деді.Бұл орайда халықаралық озық тәжірибені ескеріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды енгізуді жалғастыра берген жөн екенін айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.