Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалпы республикалық ата-аналар жиналысы өтті

c 19:32, 16/05/2018 c 2113

0:00 / 0:00

Адамзат өмірінің ең маңызды бөлшегі оның жанұясы екендігі даусыз. Әрбір адам үшін оның отбасы баға жетпес байлығы. 1994 жылдан бері БҰҰ-ның шешіміне сәйкес мамырдың бел ортасы халықаралық отбасы күні деп бекітілген болатын. Осы орайда, еліміздің барлық мектептерінде ұлттық ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Ата-аналар жиналысына біздің арнамыздың тілшісі де қатысып келген болатын.

Бұл, облыс орталығында орналасқан облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернат. Бүгінгі таңда, білім беру ордасында 150-ден астам оқушы тәлім алуда. Мектеп интернат қабырғасында ұйымдастырылған ұлттық ата-аналар жиналысына келген ата-аналардың қарасы қалың болды.

Жиын барысында педагогтар "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан істерді тізіп, оқу процесіндегі жаңашылдықты да түсіндіріп берді. Ұлттық ата-аналарға арналған жиналысқа ана-аналар, мектептің қорғаншылық кеңесінің төрайымы да қатысқан болатын.

Еліміздің ертеңі саналатын жастарды тәрбиелеуде ата-ана мен мектеп бірлесе жұмыс жасауы тиіс. Ұлттық жиналысқа қатысқан ата-ананың мектепке берген бағасы мынандай:

Бүгінгі мектеп қабырғасында білім алып жатқан шәкірт, ертеңгі елдің болашағы. Жастардың бәсекеге қабілетті, тәрбиелі болуы бүгінгі ата-ана мен педагогқа жүктелген міндет.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.