Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жалған ақша жасаған күдіктілерге үкім шықты

c 13:29, 23/05/2018 c 616

Оралда жалған ақша жасаған күдіктілерге сот үкімі шықты. Атыраулық ерлі-зайыпты ақшаны ғаламтордағы нұсқаулық бойынша жасаған. Іс материалдарына сүйенсек, биылғы жылдың қаңтарында Скоробогатовтар отбасы мен Воробьев жымысқы әрекеттерін іске асыру үшін Атыраудан Оралға әдейі келген. Дүкеннен принтер, қағаз, сызғыш, клей сынды керек-жарақтарды сатып алып, ақшаны жалдамалы пәтерден басып шығара бастапты. Орал қалалық №2 сотының судьясының сөзіне сүйенсек, олар бұл банкноттарды шаһардағы дүкендер мен базарларда өткізе бастаған. Осылайша, бүгінде күдіктілердің 25 эпизодты іске қатысы бар. Бұл істердің 23інде 20 мың теңгелік валюталар өткізілсе, бір жәбірленушіден құны 40 мың теңге болатын екі телефон сатып алынған, сондай-ақ қала дүкендерінің бірінен жалған ақшаны айырбастап та алған. Бүгінде бұл валюталардың барлығы да тәркіленіп отыр. Ал күдіктілерді 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.