Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Харекетке берекет

c 17:49, 07/03/2018 c 2942

0:00 / 0:00

Толқын Исатайқызы - өмірдің қиындығын көп көрген жалғызбасты ана. Бес баланың анасы 2009 жылы өкпенің қатерлі дертіне шалдығып, жұмысқа жарамсыз болып қалыпты. Содан бері қамкөңіл жанға облыс жамағаты қол ұшын созып келеді.

Пәтерден-пәтерге көшіп шаршаған жанды "Қарекет" қайырымдылық қоры шаттыққа бөледі. Құрылғанына алты ай болған олар бүгін міне, еліміз бойынша үшінші баспананың кілтін табыстап отыр. Қайырымды жандардың көмегімен Толқын Исатайқызы қала маңындағы Озерный ауылынан кең үйге қол жеткізді. Қор жетекшісі Алғадай Әбілғазыұлы осылайша қазақтың "жылу" сынды ескі дәстүрі жаңғыртпақ ниетте.

Елге танымал "Өнер қырандары" театрының ұжымы да "Қарекетке" ашылғалы бері ақпараттық қолдау көрсетіп келеді. Ұжымның белді мүшесі Сырымбет Бибосынов та қуанышты жағдайға куә болды.

Осынау игі шараның басы қасында жүрген қайырымды жандарға облысымыздың бас имамы Еркебұлан Ибрайымұлы да алғысын білдіріп, қор жұмысына береке тіледі.

Облыстық мешіт жамағаты болса, Толқын Исатайқызына берілген үйге жиһаз-жабдықтар алып, материалдық көмек бермек.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.