Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ ҚАҒЫЛДЫ

c 16:21, 06/03 c 26

0:00 / 0:00

Қазақстандықтар ақпан айының ортасында коммуналдық қызмет түрлеріне төлейтін түбіртектегі сандардың қаншалықты шарықтап кеткенін аңғарды. Мысалы, бұрын ай сайын коммуналдық қызмет түрлеріне 35 мың теңге төлеп отырғандардың сомасы 10-15 мың теңгеге дейін қымбаттап кетті. Үкіметте өткен брифингте Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров та бұл өзгерісті сезіндік дейді. Министр бір айда коммуналдық шығындарға қанша ақша жұмсайтынын айтты. «Басқалар сияқты менің шоттарымның да өскенін білемін. Нақты айта алмаймын. 100 мың теңге шамасында», - деді ол. Электр қуатының тарифі өзгерді. Су да, жылу да қымбаттады. Ал үкіметтегілер болса, тарифті өсіре отырып, тозығы жеткен желіні жаңартамыз деген дәстүрлі жауапты алға тартады.

Өткен жылы ҰЭМ бұрынғы басшысы мемлекеттік қызмет тарифтерінің көтерілетінін хабарлаған болатын. Сол кезде өңірлерде орташа есеппен айына 2-4 мың теңгеге өседі. Тарифтер азаматтар үшін қолайлы болуы керек, сондықтан баға ауысуы білінбей өтеді деген еді. Бірақ ақпандағы коммуналдық шығындар бұл болжаммен сәйкеспей қалды. Неге тозығы жеткен жылу, электр желілерін жаңарту үшін халықтың қалтасы қағылады. Неге бұл шығындарды монополистерден өндірмейміз деген сұрақ туындайды.

Сондай-ақ, вице-премьер халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына әкімдіктер арқылы өтемақы төлеу мүмкіндігі барын айтады. Осылайша үкімет тарифтерді көтермесек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын тиімді ұстау мүмкін емес деп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.