Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Халық денсаулығы

c 11:21, 07/09/2020 c 548

0:00 / 0:00

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу әдеттегіден ерте басталады. Денсаулық сақтау министрлігі биыл екпе жасауды 15 қыркүйектен бастамақ. Бұл жайында онлайн брифингте денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов хабарлады. Сондай-ақ, ерсми өкіл Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал тұрақты деп бағалануда деді.  Коронавирус инфекциясының жұқтыру деңгейі күн сайын төмендеп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігі елде қауіпті індеттің таралуы тұрақталды деген баға беріп отыр. Күн сайынғы статисткиа көрсеткендей, ковид инфекциясын жұқтыру деңгейі төмендеуде. Соңғы тәулікте 89 жағдай тіркелді.

Сондай-ақ, министрлік биыл тұмауға қарсы екпені ертерек бастамақ.

Бағдат Қожахметов –ҚР ДСМ ресми өкілі "СК-Фармация" тұмауға қарсы екпенің 2 миллионнан астам дозасын сатып алған. Бұл халықтың шамамен 11 процентін қамтуға жетеді.   Сондай-ақ,Жолдауда бала сүюді арман еткен  отбасыларын қолдау мәселесі айтылғанды. Бүгінде елімізде 9,5 мың әйел бедеуліктен зардап шегіп отыр.Мұндай жандар «Аңсаған сәби» бағдарламасына  қатысып, жасанды жолмен ұрықтандыру арқылы бала сүйе алады.  Еліміздегі емнің тиімділігі – дүниеге келген бала санымен бағалайтын болсақ, 30% деңгейінде. Бұл еуропалық үздік клиникалардағы нәтижелермен бірдей, - деді  ресми өкіл.

Қазақстанда қазіргі күні 26 жасанды ұрықтандыру орталығы жұмыс істейді. Оның 21 жекеменшік орталық. Жасанды ұрықтандыру арқылы елде 22 мың бала дүниеге келген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.