Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Волонтерлар лигасы ашылды

c 15:54, 08/09/2020 c 688

0:00 / 0:00

Орал қаласында волонтерлік лига ашылды. Орталық еріктілерге көмектесуді көздейді. Республикалық ұйым өз жұмысын алты жыл бұрын Алматы қаласында бастаған. Бүгінде еліміздің белсенді азаматтарының басын қосқан ұйым республиканың әр түкпірінде жұмыстанып жатыр.

Орал қаласында жүрек қалауымен азаматтарға көмектесуді парыз көрген волонтерлердің басын қосатын лига ашылды. Бұл республикалық ұйым. Аталмыш ұйым өз жұмысын 2014 жылы бастады. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймағында филиалдарын ашып, жұмысын бастап жатыр. Мақсат біреу- волонтерлерді жан-жақты қолдау.

Салтанатты шараға қала әкімі мен ерікті жастар қатысты. Жиында сөз алған шаһар басшысы Ақжайық волонтерлерлерінің қиын-қыстау күнде көмек сұраған бұқараға жәрдемдескенін айтты. Волонтерлер да осындай лиганың ашылғанына дән риза.

Волонтерлердің лигасы еріктілердің тың идеясын тыңдап, азаматтарды жан-жақты қолдауға әзір. Және аталмыш ұйым қоғамның қордаланған мәселесін шешуге ат салысатын жандарға арнайы грант бөлуді де жоспарлап отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.